Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақта эмоциялық босаңсу

(Ойындар, босаңсу жаттығулары,сергіту сәттері)

 

Қазіргі оқу үдерісін ұйымдастыру тек қана білім берумен ғана шектелмей, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл-ойы мен ойлау тәсілдерін үйрету, талдау жасау, салыстыру, байқау мүмкіндіктеріне баулу және қорытынды шығаруға үйрету, дағдыландыру – біздің басты мақсатымыз.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықылыстана әрі сапалы орындайтын болады.

Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Олай болса, ойындардың балаға қай сәттерде не мақсатпен пайдаланатынымызға тоқталып өткен жөн. Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Ойын түрлері: ұлттық, дидактикалық, грамматикалық, логикалық, сергіту сәттер.

“Кім екенін тап” ойыны Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек. “Шөлдеу” ойыны Балалардың қолдары шынтақтан қозғалмайды. Балалар өздерін “ыстық шөп” даладамыз деп елестедеді, қатты шөлдейді. Бір кезде тостағандарға құйылған суға кездеседі. Енді осы суды ішуге амал табулары керек. “Алып” ойыны Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екіншісінің оң аяғын байлайды, сөйтіп, бір белгіленген жерге барады. Немесе: үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар бірге жүруге тырысады (бақаға ұқсап секіреді). “Көпір” ойыны Еденге бормен “көпір” (түзу) сызылады. Екі топ бір-біріне қарсы шыққан балалар “көпірден” құлап қалмай өтуі керек. Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.

«Фермер»ойыны

Қатысушылар екі қатар болып сап түзейді. Сап түзегенде бірінің артына бірі тұрады. Бастаушы қатысушыларға фермер екендіктерін айтады. Алдындағы тұрған адамның арқасы жер деп есептелінеді. Бірінші жерді тегістейді. екінші жерді жыртады. Үшінші жүйек тартады. бесінші жерге картоп егеді. Алтыншы жердегі картоптың түбін түптейді. Жетінші күз түсіп картопты қазып алады. Жерге рахмет айтады. Ойын аяқталады.

«Паровоз» ойыны

Ортаға оқушылар санына қарай 1адам –паровоз, 1адам-кедергі,1адам-бағыттаушы болып сайланады.

Паравоздың көзін жауып,ортадағы адам кедергі келтіріп, жолдан шығаруға ниеттенеді. Кейінгі адам оңға,солға деп айтып кедергілерден аман алып өтуге тырысады. Ойынның мақсаты мұғалімнің бағыттаушылық қызметін білдіру.

«Жер сілкінісі» ойыны

Үш адамнан топ құрылады. 2 адам үйдің қызметін атқарады. 1адам тұрғынның ролін атқарады.

1. Тұрғындар ауысады.

2. Үй ауысады.

3. Жер сілкінісі болады.

Әрекет қайталанады. Бұл сергіту сәтінің мақсаты- ескі ойдан арылып, жаңа шешімді тез арада қабылдау. Жылдамдыққа, асып-саспауға баулиды.

«Ағылшынша сан жазу»ойыны

1,2,3,4,5, деген сандарды ағылшын тілінде айтып, қолмен, аяқпен, мұрынмен, белмен ауаға жаздыру керек.

«Жасырынған зат» ойыны

Үш адамды далаға шығарып жібереді. Іштегі адамдар бір затты адам таба алмас жерген тығып тастайды. 1- адам кіргенде негативті сөздер айтылады. «Сіз таба алмайсыз», «Сіздің таба қоюыңыз екіталай, іздеп әуре болмай-ақ қойыңыз», « сіз таба алмайтын жерде тұр, ойланбай-ақ қойыңыз, бекер әуре боласыз» .

2-адам кіргенде ол қанша сұраса да отырғандар ешнарсе айтпайды. Ол да таба алмайды.

3-адам кіргенде отырғандар орнынан тұрып қол шапалақтап қарсы алады.Мақтау сөздер де айтылады. Мыс: «Сіз табасыз, Сіз мықтысыз»

Соңынан 3 адам өзінің эмоциясымен бөліседі.

«Сыйлық сыйлау» ойыны

Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Ойынды бастаушы ыммен бір сыйлықты суреттеп келесі адамға сыйлайды. Келесі адам келесіге осылайша сыйлықты суреттеп сыйлап жалғаса береді. Ойын соңында бастаушы бастайды да не сыйлағанын табуын сұрайды. Дәл тапса рахмет айтып, ойын жалғаса береді. Ойынның мақсаты –адамдардың бір –біріне шаттық, қуаныш сыйлағаны деп түсіну керек.

«Сана аллеясы» ойыны

Оқушылар екі топқа бөлінеді. 1-топ бір мәселені талқылап тұрады. 2-топ мүлдем басқа нәрсені талқылайды. Екі топтың ортасында аллея бар ,сол аллеямен 1 адам өтіп бара жатып, айтылған пікірлерге құлақ түреді. Қайтып келіп не естігендігі туралы айтады.

Ойынның мақсаты- естіген ақпаратты сол қалпында жеткізу, есте сақтау болып табылады.

«Сұқ саусақ» сергіту сәті

Екі оқушы сұқ саусақтарымен ручка ұстайды. Бір –бірінің ручкаларының басын тигізеді. Ручканы жерге түсіріп алмауға тырысады. Осы жұмысты топпен де жасауға болады.

«Фигураларды есте сақта» ойыны

Геометриялық фигуралар интербелсенді тақтада көрсетіледі. 10секунд көреді де фигуралар жасырылады. Оқушылар есте қалған фигураларын сызып береді. 10-нан төмен -нашар. 10-14- жақсы, 15-жоғары деңгей болып табылады.

«Не үйрете аламын?» сергіту сәті

Оқушылар қолдарындағы ақ қағазға өзінің қолынан не келетінін, не үйрете алатынын жазады.

Оқушылар топқа бөлінеді. 1-топтың мүшесі 2-топқа барып, өзінің не үйрете алатынын айтады. Екінші адам да өзінің не үйрете алатынын айтады. Ойын осылайша жалғаса береді. 3 минуттан соң қолдарындағы қағазды бүктеп, қорапқа салады. Бастаушы кез келген біреуін алып, оқиды және осыны қанша адам үйренгенін сұрайды. Қаншалықты адам көп болса соншалықты маңызды.

«Басқару ма, бағынышты ма? сергіту сәті

1 стикерден әр адамға беріледі. Олар өз аттарын жазып, аудиторияның кез келген жеріне тастайды. Ойынға қатысушылар тізбек болып, бір-бірінің белдерінен ұстап бару керек. Уақыты-30 секунд.

Ойынның мақсаты көшбасшылық қасиетті қалыптастыру.

Сізге біреуді басқарған оңай болды ма? Бағынышты болған оңай болды ма? деген сұрақтар қойылады. Ойынға қатысушылар өз эмоциясын білдіреді.

«Дара тұлға» сергіту сәті

1,2,3,4,5 сандарын айтып қол шапалақтау керек. Ақ қағазды ортасынан бүктеп шетін жұлып тастайды. Тағы да бүктейді. Қайталанады.

Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін және есте сақтауын дамытуға арналған жаттығулар:

1.«Жунглидағы жаңбыр»

Нұсқау: - Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).

Жел көтеріліп желкіді (арқаны қаттырақ басамыз) .

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).

Тағы да нөсер жауын жауды.

Ұсақ жаңбыр сіркіреді.

Дауыл соқты.

Жел соқты.

Жел басылып келеді.

2. Жағымды сөздер. Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі  ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.

3. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы. Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді?  т.б. сұрақтар қоюға болады.

5. «Сөзден сөзді ізде» ойыны. Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:

«Трансформатор»                   «Талдықорған»

  форма                                         қорған

  матор                                          тал                        т.б.

6. «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. 

7. «Қолдағы хат». Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.

8. «Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

9. «Тасбақалардың жүгірісі». Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.

10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»

Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.

 

 

Дайындаған: қосымша білім беру педагогы

Искакова С.А.

Жаңартылған күні: 02.07.2020 19:53
Құрылған күні: 02.07.2020 19:53

Текст