Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік волонтер» атты аудандық байқаудың өткізілу ЕРЕЖЕСІ

Ұйымдастырушылар: Балалар шығармашылық үйі

 

Мақсаты мен міндеттері

 

Мақсаты: аудан еріктілерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, еріктілердің шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыта отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

 

Міндеттері:

 

- еріктілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- қатысушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту;

- талантты жастарды анықтау және қолдау;

- жастар және волонтерлік ұйымдардың кәсіби деңгейін арттыру.

 

  1. Өткізу тәртібі мен шарттары

1-кезең – осы Ережеге сәйкес конкурсқа әлеуетті қатысушылардан өтінімдер жинау 2020 жылғы 15-қарашадан 25-қарашаға дейінгі мерзімде жүргізіледі;

 

2-ші кезең – қорытынды шығару және байқау жеңімпаздарын марапаттау.

 

Конкурс келесі бағдарлама бойынша өткізіледі:

- өзін-өзі таныстыру (1 парақ);

- өткізілген іс-шаралар туралы презентация-есеп (1-3 бет));

- Зеренді ауданында волонтерлік қозғалысты ілгерілету туралы ұсыныстар енгізу (1-2 бет); презентация 6 беттен аспауы керек.

 

  1.  Қатысушылар үшін шарттар

Конкурсқа үлгі (қосымша) бойынша өтінім берген кез келген жастағы еріктілер қатыса алады. Қатысу туралы өтінім а. ж. 15-қарашасынан кешіктірмей zerendi_ddt@mail.ru. е-mail-ға  ұсынылсын. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қаралмайды.

3. Қатысушы келесі талаптарды сақтауы тиіс:

 - Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға міндетті.

4. Ұйымдастырушылар құқылы:

 - байқау шарттарын өзгерту;

- бағдарламаға қосымша элементтер қосу;

- байқауды өткізу уақытын өзгертуге құқылы;

- ереженің бір немесе бірнеше тармақтарын бұзған,

ережелер мен этикетті сақтамаған қатысушыны конкурсқа жібермеуге;

 

5. Қазылар алқасы

Қазылар алқасын ұйымдастырушылар бекітеді. Қазылар алқасы 3-5 адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамында: мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдық, мәдени қызметкерлер және БАҚ өкілдері.

6.Қорытынды шығару және марапаттау

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Бас жүлде - "Үздік Волонтер-2020" кубогы.

 

Қосымша

Өтінім үлгісі

 

Мектеп

Қатысушының

аты-жөні

Жетекшінің

аты жөні

Байланыс

телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басшының аты-жөні, мөрі, қолы

Жаңартылған күні: 12.11.2020 23:54
Құрылған күні: 12.11.2020 23:54

Текст