Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Киіз басу өнері

Киіз басу – қазақ халқының мәдени мұраларының бірі, ұлт өнерінің төл туындысы, тәрбие құралы. Халқымыздың жүнді пайдаланып киіз басу, арқан, жіп есу сияқты қолөнерінің тарихының әріден басталғанын білеміз. Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажеттілігіне жаратты, баспанасына жапты, басына сая, еденіне төсеніш, үстіне киім, сән-салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы ретінде қадірледі. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда қолданыста болған. Киіз басу– дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған  өнер.

   Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Жүн – ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механиклық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады.Киіз Басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен, киіз басу технологиясын әбден меңгеріп, өнер дәрежесіне көтерген.

Үй жағдайында қой жүнін өңдеу барысы
Ертеден сақталып келе жатқан ұлттық киіз басу өнерін біз ұстазымыз екеуміз   дамытып жалғастырып келеміз. Біздің ауылымызда қазақ қойларын бағып өсіруде сол қойдың жүнін пайдаға асырып әр-түрлі бұйымдар жасап халықтық қолөнер мәдениетін жаңғыртудамыз. Осы ретте мен өз қолыммен киіз басу өнерін меңгеріп киіз басып үйренудемін. 

Қой жүнінен жасалған киім және тұрмыстық заттар адам денсаулығына  пайдалы, еш зиянсыз экологиялық таза заттар  болып табылады.Осы бір ұмыт болып бара жатқан ұлттық қолөнер туралы біз «Мұрагер» үйірме жұмысы барысында кітапханалардан, ғаламтор беттерінен, ата-әжелерімізден алған ақпараттарымызды жинап, ой қорыта отырып біз өз қолымызбен шағын киіз, алқа, картинка, сүйретпелер, қол сумка, құмыра басып  шығаруды үйрендік. Қой жүнін пайдалану арқылы қолөнер бұйымдарының  киіз басу, сырмақ сыру, текемет, әшекей бұйымдар, қолсумкалар, кәде сыйлар жасау  сияқты дәстүрлі қолөнер үлгілерін жаңаша әдіс-тәсілдерін меңгерудеміз.Осыларды негіздей отырып, біз алға қойған мақсатымызға жетеміз, біз ата –бабамыздан мұра болып қалған киіз басу өнерінің қыр сырын өзіміз толық меңгеріп және соны өз достарымызға және  басқада адамдарға үйретеміз.  

Малик Армангуль

«Мұрагер» қолөнер үйірмесі

 Қосымша білім беру мұғалімі

Балалар шығармашылық үйі

Ақадыр орта мектебі базасында

Жаңартылған күні: 23.07.2020 00:25
Құрылған күні: 23.07.2020 00:25

Текст