Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Шеберлер қаласы" атты аудандық көрме-байқауы

18 ақпан 2022 жылы балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастырылуымен қашықтық форматта «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудандық «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетанушылық сәндік-қолданбалы шығармашылығы көрме-байқауы өтті.

 Көрме-байқаудың мақсаты: балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету; қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көрсетуге мүмкіндік жасау; көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу.

 Көрме-байқаудың міндеттері:

білім алушылардың назарын көркемдік және халықтық қолданбалы шығармашылыққа және мәдени мұраға аударту;

оларды белсенді шығармашылық қызметке араластыру;

өз бетінше жұмыс істеуді, жұмысқа шығармашылықпен және жеке көқараспен қарауды дамыту; 

шығармашылық қарым-қатынас алаңын құру, Көрме-байқауға қатысушылар арасындадостық қарым-қатынас орнату;

олардың көркем-эстетикалық талғамын дамыту және жас шеберлерді қазақ халқының мәдениеті мен өнерінің үздік үлгілеріне араластыру;

балалардың патриоттық сезімін, ұлттық мәдениетке, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге және ықыласпен қарауға тәрбиелеу.   

Көрме-байқауы 6 номинация бойынша өткізілді.

1) «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым»;

2) «Табиғи материалдардан жасалған бұйым»;

3) «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар»;

4) «Ұлттық колориті бар интерьердің: үйдің, бөлменің, саяжайдың, ландшафтының және т.б. ерекше дизайн-жобасы»;

5) «Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық және т.б.)»;

6) «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері».

 Әділ-қазылар шешімімен

Бас жүлде иегері болып- Жусупова Нургуль (Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы)

Ергалиева Жулдызай (Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы)

Тупавова Заира (Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы)

Батихан Мадина (Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы)

Шикерова Дильназ  (Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы)

Моргунова Лидия  (Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы)

1-орындыКайроллинова Аружан (Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы)

Ержігіт Мейірбол (Зеренді ауылының №2  жалпы білім беретін мектебі)

Домбровская Яна (Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы)

Жакупов Алпыс (Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы)

Рахымжан Нұрсаят (Қызылсая ауылының жалпы білім беретін мектебі)

Қадыр Назар (Қызылсая ауылының жалпы білім беретін мектебі)

2-орынды-Тастыбай Әділ (Елікті ауылының жалпы білім беретін мектебі)

Касенова Алия (Алексеевка кентінің № 1 жалпы білім беретін мектебі)

Қаиртай Мөлдір (Қонысбай ауылының жалпы білім беретін мектебі)

Нестер Дарья (Зеренді ауылының №2  жалпы білім беретін мектебі)

Серик Ерназар (Жылымды ауылының негізгі орта мектебі)

Бельгибай Айым (Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы)

Рыбалко Анатолий (Садовое ауылының жалпы білім беретін мектебі)

3-орынды- Молдахмет Мухамедали (Көктерек ауылының негізгі орта мектебі)

Хозедияс Шернияз (Елікті ауылының жалпы білім беретін мектебі)

Тулегенова Жанель (Елікті ауылының жалпы білім беретін мектебі)

Насибулин Назир (Зеренді ауылының №2  жалпы білім беретін мектебі)

Карман Нурсултан (Васильковка ауылының негізгі орта мектебі)

Зұлқаркай Еркежан (Жолдыбай ауылының негізгі орта мектебі)

Сысоева Алина (Молодежное ауылының жалпы білім беретін мектебі)

Бекнур Айша (Өзен ауылының жалпы білім беретін мектебі)

Жанболат Сұлтанали (Ортақ ауылының жалпы білім беретін мектебі) марапатталды.

Қалған қатысушылар белсене қатысқаны үшін мадақтамалармен марапатталды.

Бас жүлде иегерлері облыстық кезеңде ауданымызды ұсынады.

Жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!

Жаңартылған күні: 24.02.2022 20:13
Құрылған күні: 24.02.2022 20:15

Текст