Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілге арналған артикуляциялық жаттығулар

«Театр» үйірмесі бойынша шеберлік сынып бағдарламасы.

 Тақырыбы: «Тілге арналған артикуляциялық жаттығулар».

Мақсаты:  Артикуляциялық жаттығулар арқылы сөйлеу мүшелерін дамыту. Дикцияны, сөйлеу анықтылығын жақсарту.

Күтілетін нәтиже: Тіл, ерін, жақ бұлшықеттерінің қозғалысы артады. Дұрыс тыныс алу мен дыбыстау дамиды.

 Жаңашылдығы: 1. Жасанды интеллект құралдарын пайдалану:  

   – Жаттығуларды орындау кезіндегі артикуляцияны арнайы қосымшалар немесе нейрожелі арқылы тексеріп, қателерге талдау жасау.  

   – Мысалы: Voice training apps немесе AI Speech Coach қолдану.

2. Интерактивті бейне-жаттығулар:  

   – Балаларға қызықты анимациялық, мультфильм кейіпкерлерімен бірге жаттығу жасау мүмкіндігі.  

  – Көру, тыңдау және қайталау арқылы есте сақтауды арттырады.

 3. Зеркалды кері байланыс:  

   – Айнамен немесе камерамен жұмыс жасау арқылы бала өз қозғалысын көреді, өзін-өзі бақылау дағдысы дамиды.

 Пәндермен байланысы:

1. Қазақ тілі / Әдебиет:  

   – Дыбысты анық айту, сөйлем құрылымын дұрыс жеткізу арқылы сауатты сөйлеу мен мазмұнды оқу қалыптасады.  

   – Жаңылтпаш, өлең, мәтіндер арқылы жаттығу жасау.

2. Музыка:  

   – Ән айтқанда дұрыс тыныс алу, дауыс қою артикуляциямен тікелей байланысты.  

   – Дыбысты ұзақ, әуенді шығару – тіл бұлшықетін де дамытады.

3. Шет тілі (ағылшын, орыс т.б.):  

   – Артикуляциялық жаттығулар шетелдік дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі.  

   – Әсіресе "th", "r", "l" сияқты дыбыстарда.

 4. Логопедия / Дефектология:  

   – Тіл кемістігі бар балалармен түзету жұмыстарында міндетті түрде қолданылады.  

   – Сөйлеу аппаратын қалыпқа келтіруде негізгі құрал.

5. Дене шынықтыру / Мимика мен пантомима:  

   – Жаттығу кезінде тыныс пен қимыл үйлесімділігі маңызды.  

   – Демді дұрыс алу мен шығару – артикуляциямен тығыз байланысты.

 

Артикуляциялық жаттығуларды дәстүрлі әдістермен шектелмей, заманауи технологиямен үйлестіре жүргізу – балалардың сөйлеу дағдысын тиімді әрі қызықты дамытудың жолы.

Сәлеметсіздер ме?! Бүгінгі тақырыбымыз – « Тілге арналған артикуляциялық жаттығулар». 

Бұл жаттығулар бізге не үшін қажет? Сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ, таңдай) қозғалысын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Олар бізге дұрыс, анық сөйлеуді қалыптастыру үшін қажет. Сөйлеу мүшелерін дамытады. Тіл, ерін, жақ бұлшықеттерін жаттықтырады. Дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі. Мысалы : «Р», «Ш», «С», «Л», «Т», «Д» т.с.с. Бұл жаттығулар тіл мүкістігі бар балаларға өте тиімді. Дикцияны жақсартады. Анық, түсінікті сөйлеуді үйретеді.

Қазір алдымен денемізді қыздырып аламыз. (Алақанымызды ысамыз. Бет, мойынымызды сипалап, тартамыз. Қолымызды сілкіп, зажимді жібереміз. Барлық қысылып тұрған жерлерді барынша босатамыз.)

Сөйлеу аппаратын қыздырамыз.

1.Ерін жаттығулары:

Ерінді алға, артқа шығарып тарту.

Ерінді оңға, солға тарту керек асықпай. Сезіну керек ауырғанын.

Ерінді тістейміз. Массаж жасаймыз. 

Ат болып пфффффф... ерін, жақты босату.

           

2.Тыныс алу  жаттығулары: 

1.1 Нососпен үрлегендей демімізді ішке тартып, шығару.

1.2. Мұрынды ашып, жауып дем алу.

1.3. Мұрынды жауып, ашып оқу (Маң, маң, маң басқан, Шудаларын шаң басқан..)

3. Тіл жаттығулары:

ЖЗДРА, ЖЗДРЕ, ЖЗДРО, ЖЗДРУ, ЖЗДРЫ;

КПТА, КПТЕ, КПТО, КПТУ, КПТЫ;

РЛА, РЛЕ, РЛО, РЛУ, РЛЫ;

БГДА, БГДЕ, БГДО, БГДУ, БГДЫ;

СШТРА, СШТРЕ, СШТРО, СШТРУ, СШТРЫ;

4. Жақты ашу. Жағымызды ашамыз. Алма жейміз.

5. Жаңылтпаш айтып үйрену.

Әй, Тайқарбай, Тайқарбай,

Малыңды май жусанға жай Тайқарбай.

Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,

Сенің айтып тұрғаның қай Тайқарбай?

Сергіту сәті. Назар аударуға арналған тренинг. (Шеңберге тұрып бір-біріне «Ха!» деп дауысты лақтырып, шапалақтап сөйлеу керек.)

6. Назар аударуға арналған тренинг.

Барлығы хаоста жүреді. 1 шапалақ соққанда «отырамыз», 2 шапалақта «қайырлы күн!» деп айту керек, 3 шапалақ соққанда  «секіріп отырамыз».

7. Тыныс алуға арналған жаттығу. Арқан (скакалкамен) секіріп балалар өлеңін оқу.

Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде.

 Би билеймін дөңгелеп.

8. Үш түрлі сезіммен «Сен маған сенесің бе?» деп айту керек. (Ызамен, махаббат сезімімен, мұңайып). 

 Рефлексия (Шеберлік сабақ соңындағы ой қорытындысы).

Қорытынды. Бүгінгі шеберлік сабағымызда біз сөйлеу мүшелерін, әсіресе тіл, ерін, жақ қимылдарын дұрыс пайдалануға арналған жаттығулармен таныстық.  

Олар бізге:

– Дыбыстарды анық айтуға  

– Сөйлеу дикциясын жақсартуға  

– Сахнада немесе күнделікті өмірде еркін сөйлеуге көмектеседі.

Артикуляциялық жаттығуларды күнделікті 5–10 минут жасап отырсақ, тіліміз ширақ, сөйлеуіміз анық, өзімізге деген сенімділік арта түседі.

Тапсырма:  

Күнделікті айна алдында өзіңе ұнаған 3 жаттығуды күніне 2 рет қайталау.  


Текст