Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас өлкетанушының әлемге көзқарасы

    Егеменді еліміздегі мектептерде қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын оқыту, оқушылардың өз халқына сүйіспеншілігін арттырады, жастардың өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелейді. Өйткені бейнелеу өнері бейнелеудің перспектива, жарық пен көлеңке, композиция, түстану, симметрия, өнердің даму заңдылықтарын оқытып үйретуді мақсат етіп қана қоймайды, сонымен қатар қазақ бейнелеу өнері шығармаларын оқушыларға терең және жан-жақты таныстыруды  міндет етеді. Бейнелеу өнерін мектепте оқыту оқушылардың көркем мәдениетке деген оң көзқарасын қалыптастыруға және қоғамның белсенді болашақ мүшесін тәрбиелеуге лайықты үлес қосады. Оқушылар бейнелеу өнері арқылы табиғат пен қоғамның дамуының, қоршаған ортадағы әсемдікпен, адам қолымен жасаған әсемдіктің мәнін түсініп, олардың даму заңдылығына көз жеткізеді.

       Қашанда баланың сабақтан бос уақыттағы іс-әрекеті әлеуметік ортасы жеке басының мәселелері тек ата-ананы ойландырып қоймай сонымен қатар бұл мәселе мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты назар болатындығы белгілі. Жасөспірім мектеп қабырғасында болсын, немесе одан тыс уақытта болсын, өзін қоршаған ортадағы болып жатқан құбылыстар іс-әрекетерді талғамсыз қабылдауы мүмкін. Өйткені өмірде педагогикалық дәлелденгендей жеке тұлға тәрбиесіне әлеуметтік ортаның әсері зор.

    Сондықтан да сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың сабақтан бос уақытын үнемді пайдалы ұйымдастыруына жағдай жасауға болады.

    Сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрі үйірме жұмыстары. Олар бейнелеу өнерінің түрлеріне қатысты сурет және кескіндеме, саз балшықтан сомдау сәндік қолданбалы өнер безендіру жұмысы, линогравюра, керамика, мозайка т.б.

     Балалар жасөспірімдер - шығармашылық орталығының педагогтарының міндеті үйірме жұмыстарын көп оқушыларды тарту және жұмысты ұйымдастыра білу болып табылады. Үйірме мүшелері білім және іскерлік дағдыларын қабырға газеттерін безендіруде мектептегі театрлық қойылымдарды және сынып бөлмелерін безендіруде т.б пәндерден көрнекі құралдар жасауда қолданылады.

Бейнелеу өнері үйірмесін топтастыруда оқушылардың жас ерекшеліктері, білім деңгейлері ескеріледі.

     Әдетте үйірме 10-15 оқушыдан топтастырылады, әр топ жас ерекшеліктеріне байланысты 1-8  сынып оқушыларынан жинақталады. Үйірме жұмыстарының тағы бір ерекшелігі, ол сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарына қарағанда үйірме сабақтарына көп уақыт бөледі.

    Үйірмедегі сабақтардың басты түрінің бірі ол өнер туралы әңгіме сабағы. Бұл сабақтарда мұғалім оқушыларды бейнелеу өнерінің түрлерімен, жанрларымен, жекелеген суретшілер шығармашылығымен, қазіргі бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдармен кеңінен таныстырып, көрсетуіне болады.

    Әр үйірмеде ой-пікірлері біріккен шағын ұжым көрінісін табады.Ол ұжымда жекелеген ұйымдастыру мәселелеріне жауап беретін үйірме басшысы сайланады. Үйірме мүшелерінің мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы көзделеді.

    Үйірме мүшелерінің қатысуымен  мектепішілік немесе жылжымалы көрмелер ұйымдастырылады. Көрме ұйымдастыру үйірме мүшелерінің жауапкершіліктерін, одан әрі оқуға ынталарын арттырады, сонымен қатар басқа да оқушылардың бейнелеу өнеріне, үйірме жұмысына тартылуына ықпал жасайды.

 

Үйірме жетекшісі: Журсунов М.Б.

Жаңартылған күні: 17.01.2022 12:35
Құрылған күні: 17.01.2022 12:47

Текст