Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жұмыртқа қабығынан мозаика техникасында бөлмені безендіруге арнайы қабырғаға ілетін сурет дайындау

Шеберлік сабағы

    Кажетіз заттардың қатарындағы жұмыртқаның қабығынан нағыз өнер туындысын жасауға болады. Тауық жұмыртқасының бетін тырнау өте қиын. Сондықтан жұмыртқа қабығынан жасалған мозаика өте жоғары бағаланады. Қабықтан тырнау, сындыру, үгу әдістері арқылы әр түрлі туындылар дайындауға болады.

Бұл туындылар жаңа заманауи үйіңізді безендірудің тамаша тәсілі болуы мүмкін. Балалар да бұл процеске қатысуды ұнатады. Егер осы техникада жұмыс жасап көргіңіз келсе, шығармашылық үшін бастапқы материалды дайындаңыз.

Жұмыртқа қабығы - шығармашылық үшін ең қолжетімді және қарапайым материалдардың бірі. Оның көмегімен сіз кез келген үйдің интерьерін таңғажайып әдемі мозаикамен безендіре аласыз. Мұндай жұмыс ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Бұл апатқа ұшырауы мүмкін

Ол пісірілген болуы мүмкін

Қаласаңыз, құсқа

айналуы мүмкін. (Жұмыртқа)

Қажетті заттар :

Жұмыртқаның қабығы

Қабықты үгу үшін оқтау

Қабықты салып үгу үшін бірнеше кеселер

Қабықты бояуға бірнеше банка

Ас бояулары

Уксус

ПВА желімі

ДВП материалы немесе картон қағаз

Жақтауша (рамка)

Эскиз салуға қағаз, қарындаш, бояулар немесе дайын сурет

Жұмыртқа қабығын дайындау

Сіз өзіңіздің қолыңызбен жұмыртқаның қабығынан көп нәрсені жасай аласыз, ендеше шикізатты дайындау керек. Әрине, шығармашылық үшін жұмыртқаны арнайы ұрып-соғудың қажеті жоқ.  Тағамға жұмыртқа пайдалансаңыз, қабығын жуып, тазалап кептіріңіз де, қалтаға салып жинай беріңіз.

Келесі кезекте азық-түлік бояуын қолдана отырып, қабықты  бояу керек. Қабықты бояу үшін асқа қолданатын бояуларды(пасхальные краски) қолдана аласыз.  Сонымен татар пияздың қабығынқайнатып оның суын , медициналық зелёнка, йод, қызылша, мата бояғыш бояуларды да қолдана аласыз. Кішірек банкаға ыстық суды құйып, бояуды салып араластырыңыз. Бірнеше тамшы уксус қоссаңыз бояу қолға жұқпайтын болады. Осы боялған суға жұмыртқаның кепкен қабығын қолмен мыжып, ұсақтап, салыңыз.  Боялған қабықтысүзіп  алыңыз және оны қағаз парақтарына салып, жайыңыз. Толық кептіру үшін оны бір күн қалдырыңыз.

Қабық толықтай кепкен соң, әр түсті жеке жеке жинап алыңыз. Кесеге салып оқтаумен үгеміз. Дайын үгілген шикізатты жеке жеке жинаймыз.

Біздің қазір қолданатын әдісіміз үгілген қабықпен  жұмыс.

Сонымен таңдалған суреттің өлшемін анықтап, ДВП материалының бетіне немесе картон бетіне көшіреміз. Көшірілген суреттің орта тұсынан бастап жұмысты бастаймыз. Суреттегі  әр түс жеке жапсырылады. Сондықтан әр бір түсті белгілеп алған соң ПВА желімін тек сол жерге жағып, үстіне үгілген жұмыртқаның қабығын себеміз. Бір , екі минуттан кейін артық үгіндіні төгіп тастаймыз. Осы уақытта желім  қажетті үгілген қабықты өзіне жапсырып үлгереді. Осылайша басқа түстерді де осы әдіспен жапсырып отырып жұмысымызды жалғастыра береміз. Арасында желім кепкенше біраз үзілістер жасап отырған дұрыс. Бір картина шамамен екі, үш күнде жасалып бітіріледі. Жұмыс толық аяқталып кепкен соң әр бір детальдарының контурларын бояп шығуға болады. Сурет толығымен аяқталғанда кәдімгі жиһаз лагымен бояп шығу керек. Өйткені ПВА желім кепкен сайын үгілген қабықтар босап түсе бастайды. Сондықтан  міндетті түрде лактау керек. Аяқталған суреттің жақтаушасын кигізіп, ілгіштерін орнатсаңыз сіздің үйіңіздің бір бұрышын безендіріп тұратын шедервраңыз дайын дегім келеді.

Іске сәт!!!

Қосымша білім беру педагогы

Шаденова Г.Б.

Жаңартылған күні: 29.12.2021 16:18
Құрылған күні: 29.12.2021 16:27

Текст