Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Су-тіршілік көзі"

 

     Адамның өміріне, тіршілігіне қоршаған орта әр уақытта да әсер етіп отырады. Қоршаған ортаны қорғау, жақсарту, оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану қазіргі кездегі ең маңызды мәселелердің бірі болмақ және бұл мәселелерді шешу жыл сайын қиындай түсуде. Себебі, қалалардың, өнеркәсіптің өсуі, ауыл шаруашылығын индустриаландыру мен химияландыру, химия өнеркәсібінің дамуы қоршаған ортаға өз әсерлерін тигізуде.

    Академик В. И. Вернадский «Адам геологиялық күш болғандықтан, жерді өзгертуге қабілетті» деп жазды. Қаланың өсуі, жаңа заводтардың пайда болуы, жол салуы, газ және мұнай тасымалдау - мұның бәрі адамның іс-әрекеті  нәтижесіндегі пайда болып жатқан жайыттар, ал бұл іс- әрекет болса табиғат үшін зиян.Адамның қоршаған ортаға әсері табиғаттағы тепе теңдіктің бұзылуына себепші болды. Әр түрлі улы қосылыстар, химиялық ластаушылар, азық-түлікті, ішетін суды, атмосфералық ауаны ластайды. Сол сияқты дүниежүзілік су қорының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Негізінен, су экожүйесінің ластануы түрліше жолмен жүзеге асады. Ал су алабы тазартылмаған ақаба суды өзен-көлдерге жіберу салдарынан ластанып жатыр. 

     Бүкіл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) тарапынан ауыз судың 100 – ден астам сапалық көрсеткіші ұсынылған, ал Қазақстанда ауыз су сапасы мемлекеттік стандарт бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады. Біздің пайдаланып отырған ауыз суының сапасы өте төмен. Су құрамында көп мөлшерде тұз бар, әрі ол таза емес. Бұндай суды қолданған адамдар әр түрлі, ауруларға шалдығады, ал  адамдар, қазіргі кезде жасанды құбырлардан ағатын суды пайдаланып күн көруде. Сонымен қатар жасанды құбырлардағы суды зерттеу барысында ауыз суындағы химиялық қосылыстардан анықталған нормативтік көрсеткішке сәйкес келмейтіндігін көрсетті. Жалпы алғанда, Ақмола облысы бойынша қала тұрғындарының 26,4 % ғана таза  ауыз суын қолданады, ал қалған 73,6 % адам өміріне зиянды қосылыстары бар ауыз суын қолдануда. Бұл экология саласындағы үлкен мәселе.

      Адамзаттың бүкiл тiршiлiгі таза сумен тығыз байланысты болғандықтан суды тұтынылатын орнына қарай белгiлi бiр дәрежеде қоспаларынан тазарту қажет. Демек, ішуге қолданылатын су денсаулыққа зиянын тигiзетiн заттардан таза болуы тиiс. 

     Біздің қазір қолданып отырған ауыз су құрамында көп мөлшерде тұздар (NaCl), күкірт қышқылы (H2SO4), хлоридтер (Cl) мен сульфаттар (SO4) кездесіп, олар суға қышқыл дәм береді. Бұл суды пайдаланып отырған адамдардың асқазанында тастар тұрып зиян келтіреді. Жалпы 1литр суда 350 мг хлоридтің, 500 мг сульфаттардың болуы адам денсаулығына зиянын тигізеді.Батыс германдық ғалымдар судың құрамын зерттеп, оның  құрамында тұз қоспаларының болуы - талма, гипертония ауруларына ұшырататынын және керісінше судың жұмсақ болуы жүрек ауруына ұшырататынын дәлелдеді.Ағылшын ғалымдары да осы осы пікіді ұстануда. Лондондағы  Томос Грау Форд Британ аралындағы тұрғындары бұндай суды пайдаланғандықтан жүрек ауруынан қаза тапқанын дәлелдеді.

     Адамзаттың бүкiл тiршiлiгі таза сумен тығыз байланысты болғандықтан суды тұтынылатын орнына қарай белгiлi бiр дәрежеде қоспаларынан тазарту қажет. Демек, ішуге қолданылатын су денсаулыққа зиянын тигiзетiн заттардан таза болуы тиiс.

     Сонымен қатар, судағы бөгде заттарды тұндыру немесе сүзу арқылы да жоюға болады. Ал оның құрамындағы ерiген тұздардан арылу үшiн буландырады. Пайдалануға берiлетiн сулар қалалық суға тазарту станцияларында күкiрт қышқылы, алюминий тұзы қосылып, алғашқы iрi жүзгiндерден тазартылады. Бұл кезде бөлшектердi өзiне қосып алып, тұнбаға айналатын алюминий гидроксидi түзiледi. Тұндырылған суға қалың құм қабатынан өткiзiлiп, сүзiледi. Бұл жерде су құрамындағы микроорганизмдердi жоятын заттармен өңделедi. Оған хлор (Cl), азот (N) пайдаланылады да, су құбырларына жiберiледi.

       Су - жер бетiнде ең көп тараған қосылыс, мыңызды экологиялық ресурсқа жатады және ол тiрi организмдердiң құрамды бөлiгi болып, жер жүзінде жеткілікті дәрежеде таралған.Жалпы жыл сайын Қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалар-мен ластанған 6 млрд. текше метр ағын су құйылады. 3 млн тонна зияны зат-тар су қабатына сiңедi. 200 млн тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикiзат көздерiн игеру - ауаны ластаумен қатар жүргiзiлуде, олар-дың қатарына мыс, қорғасын, мырыш, күмiс, хром, ванадий, барит, сурьма, тас көмiр, мұнай т.б. кен орындары жатады.

      Адам өзi өмiр сүрiп жатқан қоршаған ортасына бар күшiн салып, көмек тигiзiп, қолынан келетiнiн жасау керек. Ауаның тазалығы, ауыз суының таза болуы, қоршаған ортаның басқа құрам бөлiктерiндегi тепе-теңдiктiң сақталуы адамның жұмыс қабiлетiне, ұзақ өмiр сүруiне жағдай жасайды.

       Сондықтан мен барлық адамдарға «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»-демекпін.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Ә.Бейсенова,  Ж.Шілдебаев «Экология-хрестоматиясы» Алматы Мектеп 2005ж 10,20 бет.

Ә.Бейсенова, Ж. Шілдебаев. «Экология» кітабы, Алматы «Мектеп» баспасы, 2005 ж. 26 б.

Интернет www. Ecopnotc. ru. «Eko. Eopim-zona. com.»

Интернет. www. Razpnayda. ru.

Ә.Бейсенова, К.Карпеков, География кітабы, 8 сынып,

Алматы «Атамұра», 2004 ж. 217,92 бет.

6. Қ.Абдуллаева. «Қазақстан география және экология» журналы,

№1 2004 ж. қаңтар, Алматы. 14-18 бет.

7. География және табиғат жұрналы. 2006 ж. наурыз, сәуір. Алматы 

74-78 бет.

8. а. Ибраева, Г. Әлібаева, К. Айтхожин, «Қоғамтану», 10 сынып,

 Алматы «Мектеп» баспасы 2006 ж., 185-188б., 191 б.

9. Е. Ахметов, Т. Увалиев, Қ. Ахметов, «Дүние жүзілік экономикалық және әлеуметтік географиясы», 10 сынып, Алматы  «Мектеп» баспасы 2006 ж.,

140-143 б.

10. «ЗергерзерлегендейЗеренді» фотоальбом 2010 жыл. Өлкетанушы Б.А. Азнабаев, фотсурет

 

"Жас эколог" үйірмесінің жетекшісі Өміртай Нұргүл

 

Жаңартылған күні: 31.03.2022 14:51
Құрылған күні: 31.03.2022 15:06

Текст