Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ғаламтордың пайдасы мен зияны» ашық сабақ жоспары.

Зеренді ауданы БШҮ  жанындағы

Ақадыр орта мектебінің «Бала би» шешендік өнер үйірмесі.

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

«Ғаламтордың пайдасы мен зияны»

/ашық сабақ/

 

 

 

              

 

                  Жетекшісі: Нұршәріп Сәндігүл.

 

 

 

                                        2020-2021 оқу жылы

 

Сабақтың мақсаты: Ғаламтордың пайдасы мен зияны  туралы толық мәлімет беру, тақырыптың негізгі идеясын ашу, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

-тақырыпқа сай толық ақпарат меңгерту;

-оқушыларды таза, әдеби сөйлеуге үйрету;

-аудитория алдында қысылмай, өз ойын толық жеткізуге баулу;

-тыңдайға, жауап беруге, сұраққоя білуге дағдыландыру;

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: түсіндіру, өздік жұмыс, сұрақ-жауап, қайталау.

Болжамдаған нәтижесі: Бастаған ісін аяқтау, әр іске жауапты болу

Пән аралық байланыс: Тарих, әдебиет, информатика, қазақ тілі.

Көрнекті құралдар: Интерактивті тақта,  компьютерлер, әдістемелік үлестірмелер, түрлі қағаздар.

 

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Өткен сабаққа шолу.

1.Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

2. Интерактивті тақтамен жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

2. Слайд көрсету.

3.Сергіту.

IV. Практикалық жұмыс

VІ. Үйге тапсырма.

VІІ. Ынталандыру

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу.

2. Сабаққа дайындығын тексеру.

3. Сабаққа назарын аудару.


 

ІІ. Өткен сабаққа шолу.

  1. Өткен сабақты тест  арқылы қорытындылау, Әйтеке бидің нақыл  сөздерін сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі(слайд)


       Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-тың орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.  Ғаламтор адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.

Ғаламтордың пайдасы:                                                        

-Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. (материалдарды және моральді жағынан болсын) Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беру;

-Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу;

-Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру;

-Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру;

Ғаламтордың зияны:

-Қазір ауылдық жерде де, қалалы жерде де сыртта асыр салып жүрген баланы сирек кездестіреміз. Себебі оларды үйге матап тастаған бір дүние бар, ол – ғаламтор.

-Осы ғаламтор желісінің балалардың психологиясына қаншалықты зиянын тигізіп жатқанын көп ата-ана біле бермейді.

Білсе де, одан балаларын қорғаудың жолдарын меңгермеген. Ал мұның салдары балалардың өскенде маскүнем, зинақор, жауыз болып өсуіне әкеліп соғады.

-Мамандардың айтуынша, бала компьютерлік ойындардың қызығына 4-5 жасынан бастап үйренеді. Егер, осы бастан жүгендемесе, бұл есейгенде  құмар ойындарына түбегейлі тәуелділікке апарады.

              Қорыта келгенде, қай халық болса да, өзінің дамуында қилы-қилы жолдардан өтеді.

Ғаламтордағы болған құбылыстардың терең тылсымына үңілуде адамзат баласы талай - талай ғасырларды артта қалдырып, бай тәжірибелер жинақталады. Ғаламтордағы кұбылыстардың өзі кейде адамзат сенгісіз немесе тіпті түсініксіз болып жатады. Ерте заманның өзінде - ақ дүниенің жаралуы табиғаттың түрлі құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі, зерттеулері болды. Ғаламторда болып жатқан кейбір адамзат және  табиғат құбылыстары тылсым жұмбақ болып көрінеді де, адам санасына елеулі әсер етеді. Қандай да бір құбылысты түсіну үшін адам ғылымды терең зерттеп меңгеруі керек.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында «Бала би» шешендік өнер сайысын ұйымдастыру.
     

V. Рефлексия.
«Тілек гүлі» әдісі арқылы сабаққа қорытынды жасау.

VI. Үйге тапсырма беру.

«Дананың сөзі – ақылдың көзі» тақырыпты терең оқып, мәнжазба дайындау.

VIIОқушыларды мақтап ынталандыру

Жаңартылған күні: 13.02.2021 02:02
Құрылған күні: 13.02.2021 02:07

Текст