Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосымша білім беру арқылы оқушылардың жеке дамуына менің көзкарасым

Менің өмірлік ұстанымым.

Әр ата-ана өз баласын өзіне жақын болсы, өскен соң ізін басар адам болсын депжанына жақын тартып тәрбиелеген болар?! Туғанымнан мені әке-шешем шынайылық пен ұмтылысқа, талпынысқа үйретті.Содан болар менің өмірлік ұстанымым – шынайылық пен ізденіс және де тоқырап қалмай алға ұмтылу. Кәсіп таңдау мен мінез-құлқымдағы қасиеттерім үшін отбасыма, ең алдымен әкеме қарыздармын. Әкем – ақжарқын да шынайы, сонымен қоса жауапкершілігі өте зор кісі.

Бала кезден әкем маған педагог бол дейтін бірақ мен дизайнер болуды арман еткенмін. Мен бала кезден қолөнерге қызыға қарап, көптеген әшекейбұйымдарды қолдан жасап, қолымнан келгенше киім тігіп, өздігіммен былғары, матадан жұмыстар жасағанды жаныма жақын тарттым. Алайда,өмірімнің осы арнаға түскеніне ешуақытта да өкінген емеспін. Өйткені қазіргі таңда мендизайнер факультетінтәмамдап, өз мамандығым бойынша қызметімдіатқарыпжүрмін.

Менің кәсіби дамуым.

Ұстаз - ең алдымен, оқушы үшін өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.

2012 жылдан туған жерімді сағынып, әке-ана, туған бауырларымның жанында болайын деп, Зерделі Зерендімнің таза ауасын, әсем табиғатын сағынып туған еліме оралдым. Қазіргі таңда Зеренді ауданының Балалар -жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Дизайн шебер қолдар», үйірмелерінің педагогы болып қызметімді жалғастырудамын.

Қосымша білім беру арқылы оқушылардың жеке дамуына менің көзкарасым.

Қосымша білім беру мекемелерде оқушылардың эстетикалық талғамын сәндік-қолданбалы өнер арқылы қалыптастыру– барлық оқу-тәрбие үрдісінде маңызды орын алады және оған көп көңіл бөлінеді. Ол тек қана адамның эстетикалық талғамын ғана дамытып қоймай, сонымен бірге жеке тұлғаның тұтастай дамуына: рухани қажеттілігін, адамгершілік мұраттарын, патриоттық сезімі, жеке және жалпы ұғымдарының, көзқарастарының дамуына әсер етеді.

Оқушыларды дәстүрлі халықтық көркемөнерге тартуда үйірме жұмысы маңызды рөл атқарады. Осы үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады. Үйірме жұмысының нәтижелерін өткізілетін көрмелерден байқауға болады.

Қосымша білім беру балаларды халықтық өнерге баулуда, көркемдік шеберліктің тәсілдеріне үйретуде қолданбалы өнер, ісмерлік үйірмесі үлкен еңбек етуде. Үйірмелерде оқушылар өз шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады. Асқан шеберлер көркемқолөнеріне басқаша шығармашылық көзбен қарап әдемі және де пайдалы заттарды жасай алады.

Осы үйірмелер арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда «Стиль және сән» үйірмесінің жетекшісі ретінде оқушылардың білімі мен шеберлігін қалыптастырамын.

Меніңше, әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып,оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізу керек. Оқушының сол уақытта ғана үйірмеге  деген қызығушылығы артады. Өз әдістерімде қосымша әдебиеттерді, жаңа ақпараттық технологияларды, әлем журналдарын, ғаламтор ақпараттарын кең пайдаланамын.  

Тігін кәсіпорындардың дамуына, көбеюіне және көпшіліктің  оны пайдалануына байланысты, дизайнер мамандығы өте бір керекті мамандықтың бірі болып табылады. Сондықтанда киім дизайн мамандығы небір өнерлі жоспарлардың, жаңа үлгідегі киімдердің шығуы осы бір маман саласында қалыптасып, дамып келуде.

«Стиль және сән» ол тек қана киім үлгілерін жасау ғана емес, сонымен қатар ескі көнерген киімдерден  жаңа заман талаптарына сай етіп тігу, осы бір техникада тәжірибем оңға басты деп ойлаймын. Тәрбиеленушілерге қызықты бір тәжирибе болды, олар үйлерінен көнерген ескі киімдерді әкеліп осы қазіргі заманға сай етіп жаңаша, дизайнерлік көз қараспен  қарап тігу, мысалға алатын болсақ ескі джинси шалбардан тәрбиеленушілер клач яғни кішкене сумка, рюкзак, шалбардан шорты жасау, неше-түрлі брощь бұйымдарын жасау, жұмсақ жастықшалар тігу, одан жайша келген футболканы лентамен әрлендіру арқылы қызықты етіп жасау, футболканы кесіп тікпей басқа бір киім үлгісін яғни кеудеше жасау осының барлығы дерлік қызықты тәжірибе болды, және тәрбиеленушілерге болашақта қолданысқа әкеліп дамыттыруға бір қадам.   

Шығармашылық жұмыстардың білік деңгейіне көтерілуіне үйірме жұмыстарының қосар үлесі мол.Үйірмеде оқушылар өздері құрастырып жасалған еңбектері бағаланады . Бұдан әр тұлғаның өз жетістіктері көрінеді. Жұмыстар жыл сайын өтетін сайыстарға ұсынылып, көрмелерге қойылады. Бұл жас таланттың әрі қарай қанат жаюына үлкен жол ашады.

Осыған сай осы бір үйірменің тәжірибесінде үлкен бір ауызға толтырарлық, көз айымын алатын тәрбиеленушілермен топтама жасап шығардық. Топтаманың аты «Қазақстан жарқыны».

Бұл топтама жаңа заман талаптарына сай етіп тігілген көйлектер, қазақ халқының ақтығын, мейірлігін, ашықтығын, қонақжайлылығын көрсететін ақ түспен тігілген. Көйлектің бетіне қазағымыздың ғасырлар бойы келе жатқан казіргі күнге дейін сақталып, әрбір оюдың аты мен тарихы бар, оюды тігіп көйлектің бетін әрлендірілген. Қазақстанымыздың небір байлықтары көздің жауын алады, ауыз толтырып айтсаң сөз жетпейді, сонау тарихымыздан бастап осы күнге дейін менің елім Қазақстан деуге тұрарлық қаншама құндылықтарымыз бар. Осының бәрін іріктей отыра көйлектің бетіне, заман ағымына сай, ұлттық нақышта өрнектелген Байтерек, Киіз үй, Қанаты барс, Күн адамы, Домбыра, Қазақстан халқының туында желбіреген символымыз Күн мен бүркіттің суретін салып тағы бір шырқаттық. Қазақтың қыз келіншектері бас киімсіз жүрмеген. Бұл көйлектеде бас киім сәукелеге ұқсас, әр көйлектің мән мағынасына қарай бейнесін сомдалған бас киім үлгісі жасалған. 

Екінші топтама «Ай-Ару».

Бұл да ұлттық нақышта жасалған, велюр матадан, оюлары жіптен тігілген қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар, ол біздің ұлттық мәдениетіміз. Ою өрнекпен сәні үйлескен «Жауқазын» көйлегі. Қар астынан жаңа гүлдеген  жауқазындай жас қыздар үшін, заманауи үлгіде тігілген, қазақы нақыштағы «Ақ жаулық көйлегі».  Жаздың жадыраған күніндей жас аналар үшін, қазақы нақыштағы заманауи үлгіде тігілген «Бетешар» көйлегі қалындыққа арналған.

Осыған орай осы екі топтаманы қоса отыра «Ұлттық мәдениетініміздің айнасы заманауи көйлегінде» атты тақырыппен Авай Гүлбақыт тәрбиешім ғылыми-зерттеу жобасын жасап, ауданнан 1 орын, облыстан 3 орынға ие болды.

Үшінші топтама «ЭКСПО».

Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бастап жеткен жетістіктері мен ұлы жемістері ауызтолтырарлық, кешегі Парижден келген сүйінші хабар Астана- EXPO2017 көрмесін жеңіп алуымыз Қазақстан Республикасының тағы бір тайға таңба басқандай жетістіктерінің бірегей нышанын көрсетті. Міне, осы аталған жетістіктер, біздер үшін қуаныш хабар, соған орай біз де бір азда болса өз үлесімді қоспақшы едік, яғни ЕКСПО-ға арнайы киім дизайнын жасап коллекция шығару. Әрине ол үшін біз зерттелген материалдарды, практикалық дағдыларды қолданып көйлек эскиздарын  келе жатқан көрменің тақырыбына байланысты көрсету. Түсті политра маталары алынған, "Экспо 2017" логотипі  ассиметриялық шеңберінде  орналасқан гүл жапырақшалар энергиясы мен мәңгі қозғалыс символмен көрсетіп жатыр, қазақ халқының ұлттық мәдени құндылықтарын пайдалана отырып, ЕКСПО логотипін мәнділігін ескере түйіндеп топтама жасадық.

Бұл тәжірибе әрине тәрбиеленушілер үшін үлкен бір ашылу болды. Олар тек жаңаша тігілген көйлек үлгілерін емес сонымен қатар салт-дәстүрімізді, тарихымызбен қоса  алып бір-бірлерімен ұштастыра отырды.

Төртінші топтама «Алтын қазына».

Бұл топтама екі жұптық, қыз бен жігітті сомдағасын екі костюм жасалды. Алдынғы томтамалар нәзіктіті белгілесе, осындағы негізгі ойымыз батырлықты сомдау болды. Батырларды қазақ халқы ежелден құрмет тұтқан, көшпелі халықтарда бүкіл өмірі соғыста өтетін, соғыс ісі атадан балаға жалғасқан негізгі кәсібі болған. Батырлар тек ер адамдарға тән емес, қай заманда болса да нәзік жанды әйел адамзаты батырлар болған. Бұл топтаманы соның белгісі.

Бесінші топтама «Қазағым қазынам».

Ең бі көп ізденісті, ауқымды жұмыстардың бірі осы «Қазағым қазынам» топтамасы. Оқушылармен көп ізденіп, ой толғап, эскиз құрастыру барысында көптеген өзгерістер, толтырымдар болған. Өте бір тыңғылықты жұмыстардың бірі. Бұл топтамада да көбіне батырлықты сомдадық, әр киімде тарихымыздың, қазағымыздың қазынасын, кең даласын, қонақжай шаңырағын, көкте самғаған еркін құс бүркітін, жамандықты жолатпай, қорғанған тұмар белгісі бар бұл топтама. 

Менің ойымша  осындай ғылыми жобалар арқылы, оқушылардың эстетикалдық талғамдарының жоғары болуына, жеке дамытылуына  қосымша білім беру саласы үлкен септігін тигізуде. Қазақы нақыштағы заманауи киімдер оқушыларымның  тарихқа, салт-дәстүрге, мәдениетімізге деген көзқарасын одан әрі қызықтырып, белді маман иелері болып шығады деп ойлаймын.

«Дизайн шебер қолдар», «Стиль және сән»  үйірмелері қызығушылық танытып жүрген оқушылар көп. Шәкірттерімнің әлі талай жетістіктерге жетіп, шығармашылық шыңынан көрінеріне сенімдімін.

Капарова Айгуль Жетписовна

Қосымша білім беру педагогы

Жаңартылған күні: 06.11.2023 19:05
Құрылған күні: 06.11.2023 19:20

Текст