Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кружок "Үстел ойындары"

 «Үстел ойындары»  үйірмесінің оқу-тәрбие жұмыс жоспары құрылып бекітілді. Осы құрылған жоспар бойынша жұмыстар атқарылып келеді. Мақсаты : «Тәрбиелі  жеке  ұшқыр ойлы тұлға қалыптастыра отырып, оқушылардың білім, біліктіліктерін арттыру» мақсаты ұстана отырып жұмыс жүргізілуде. Үйірме де барлығы 20 оқушы бар.Жүргізілген   жұмыс барысында  оқушыларды ойын арқылы жан-жақты білім алып ,өз бетінше ойлай алатын, шешеім қабылдай алуға  тәрбиеленуіне , алаңсыз үйірме жұмысына қатысуға толық жағдай  жасалынған.

1. Маусым айында жыл сайын жоспарлы түрде өтетін «Мұғалім 2023»мұғалімдер арасында өтетін спорттық сайысына шахмат ойынын түрінде қатысып марапатталдым

2.Тамыз айында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» Мақалалық бағдарламасы аясында  мектеп оқушылары арасында «Алтын сақа » облыстық сайысына қатысып ІІ орынға ие болды,

3. Мамыр айында аудандық мектептер арасында Қоныспай ауылында өткен  мектеп арасындағы турнирге үйірме оқушылары  қатысып І,ІІ,ІІІ жүлделі орындарға және команда бойынша ІІ орынға ие болдық

4.Оқу жылының 1- тоқсаны аяқталуына байланысты күзгі демалыс уақытында оқушылармен жұмыстар ұйымдастырылды. Айта кетер болсам «Озық ойлы шахматшы »  атты спорттық  сайысы үйірме оқушылары және мектеп оқушылар арсында өткізілді . Мақсаты оқушылардың СӨС ұстануын , спортпен шұғылданып денелерін шынықтыру, бос уақыттарын тиымды ұйымдастыру . бұл іс-шара оқушылар үшін өте қызықты өтті.

5. 25-қазан Республика Күніне арналған мерекелік іс-шараға біздің үйірменің оқушыларыда қатысып өз өнерлерін көрермен назарына ұсынылды. Республика күнініе орай оқушылардың қолдан жасаған бұйымдарынан  көрме қойылды  Ұйымдастырылған  іс –шара оқушыларға патриоттық , отансүйгіштік тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Отанымызды , рәміздерімізді құрметтеп оған үлкен жауапкершілікпен қарау, отанға еліне жеріне деген патриоттық тәрбие беруге бағытталған.

6.Үстел  ойындары  үйірмесінің  оқушыларына үнемі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіліп отырады. Жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесі,   күзгі  уақытындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды.Оқышылармен күз мезгілінің қауіпсіздік ережелері, көлшіктер, өзен көлдерге бармау ауыл шетіне , қалалық жерлерге ата-анасының қарауынсыз жүрмеу, жол жүру ережесін қатаң ұстану, кәмелеттік жасқа толмаған баллалардың авто көлік жүргізбеуі туралы т.б да өмір қауіпсіздігін сақтау туралы ақпараттар таныстырылды.

Оқушылар үйірме сабағына өте белсенді қатысады. Сабақ өте қызықты болады. Оқушылар өзара үстел ойындарын тартысты ойнайды

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Шахмат әліппесі» атты үйірме оқушылары арасында сайыс сабағы өтті. Сабақ оқушылар үшін өте қызықты тартысты болды.

«Үстел ойындары» үйірмесінің жетекшісі Султанбек Әділет Талантұлы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 10.07.2023 20:08
Құрылған күні: 10.07.2023 20:08

Текст