Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік Ұланбасы – 2020» аудандық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында мектеп оқушылары арасында

«Үздік Ұланбасы – 2020» аудандық байқауы

 

1.Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық, интеллектуалдық деңгейін көтеру және талантты балаларды анықтап, марапаттау арқылы ынталандыру болып табылады.

 

Міндеттері:

- балалар шығармашылық ұжымдарының кәсіби деңгейін көтеру;

- балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту;

- балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық бастамаларын дамыту;

- балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру;

- қатысушылар арасында тәжірибе алмасып, достық қарым-қатынасты күшейту;

- дарынды жасөспірімдерді анықтап, қолдау көрсету;

 

2. Ұйымдастырушылар

- Зеренді ауданының білім бөлімі;

- Балалар шығармашылық үйі

3. Байқаудың өткізілу күні және орны

Байқау 2020 жылдың 8 желтоқсан күні, ZOOM платформасы арқылы өткізіледі.

 

4.Өткізу тәртібі мен шарттары

Байқау «Менің жетістігім – Отанымның жетістігі!» тақырыбында, төмендегі бағдарлама бойынша өтеді:

- Таныстыру (1 минутқа дейін);

- Аудан/ қаладағы «Жас Ұлан» ББЖҰ дамытуға бағытталған өзінің ұсынатын бағдарламасы (3 минутқа дейін);

- Арнайы номинация «Көрермендер көзайымы», бұл номинацияда қатысушылар өздерінің болашақта облыс ұланбасысы атанса, қандай жұмыс атқаратындығы жайлы видеоны түсіріп, жасап zerendi_ddt@mail.ru e-mail-ына жолдауы қажет. Видеоның ұзақтығы 1 минуттан аспауы қажет. Барлық видеолар @zhasulanakmola инстаграм парақшасына салынып, лайк саны бойынша анықталады;

- Брифинг (Сұрақ-жауап).

 

 

5. Қатысушылар

Байқауға ауданның жалпы білім беретін мекемелердің (мектеп, гимназия және т.б.) іріктеу сайысынан өткен бір Ұланбасы немесе сайлауда жеңіске

жеткен оқушы қатысады. Ұйымдастыру комитетіне қоса берілген формада тапсырыс берген Ұланбасы аудандық сайыстың қатысушысы болады және қатысушының міндеттерін өз жауапкершілігіне алады. Ұланбасы аудандық сайыстың негізгі қатысушыларының жасы 13- тен 16-ға дейін.

 

6. Қатысушыларға қойылатын шарттар

- Белгіленген регламенттен аспау (шартты бұзған жағдайда, қазылар алқасы сайыстың жалпы нәтижесінен балды шегереді);

- ҚР Заңын, оның ішінде ҚР Президенті және оның жанұясы мүшелерінің құқығын сақтау туралы бапты, Тіл туралы Заңды қатаң сақтау.

 

7. Ұйымдастыру алқасы

Ұйымдастыру алқасы байқауға басшылық етеді; өткізу түрін жасайды; жарыстың бағдарламасы мен тақырыбын бекітеді; қазылар алқасын құрады; қаржыландыру, ұйымдастыру мәселелерін шешеді; өткізу күнтізбелік жоспарын бекітеді.

Ұйымдастыру алқасы құқылы:

-Байқаудың өткізу шарттарын өзгертуге; - бағдарламаға қосымша шаралар қосуға;

- маусымдық шараның өткізу уақытын өзгертуге;

- ереженің бір немесе бірнеше пунктерін бұзған жағдайда, қатысушыны сайыстан шығаруға; - қатысушы этикет пен тәртіп бұзған жағдайда ұйымдастырушылар қатысушыны сайыстан шығаруға құқылы.

 

8. Қазылар алқасы

Жарыста қазылар алқасын ұйымдастыру комитеті бекітеді. Олардың құрамы 3-5 адамнан аспайды.

 

 

9. Қорытынды және марапаттау

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады. Басты сыйлық «Үздік Ұланбасы – 2020» кубогы

10. Байланыс телефондары

Кинжалинова С.А. - БШҮ әдіскері

Телефон: 871632 21507

e-mail: zerendi_ddt@mail.ru

Өтініштерді және видеоны 2020 жылдың 30 қарашасына дейін e-mail: zerendi_ddt@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет. Уақытынан кеш келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

 

 

 

 

ӨТІНІМ

Өтінім

 

№ Мектеп Қатысушының аты-жөні Жетекшінің аты-жөні Телефоны

 

 

 

 

 

 

Басшысының

аты – жөні, мөрі, қолы

Жаңартылған күні: 11.12.2020 14:54
Құрылған күні: 11.12.2020 14:54

Текст