Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Зеренді ауданы биікте: “Алтын қазына” облыстық кезеңінің қорытындылары»

21.04.2026

2026 жылғы 9 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Bolashaq saraiy» ШЖҚ МКК базасында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысты жетілдіру, сондай-ақ өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу. Байқауға Ақмола облысының Шортанды ауданы, Аршалы ауданы, Егіндікөл ауданы, Астрахан ауданы, Есіл ауданы, Зеренді ауданы, Көкшетау қаласы, Степногорск қаласы, Бұланды ауданы, Жақсы ауданы, Целиноград ауданы, Қорғалжын ауданы, Сандықтау ауданы, Щучинск қаласы, Ақмола облысы Абай атындағы дарын мектеп-интернаты, Атбасар ауданы, Бурабай аудандарынан 110 дарынды оқушылар қатысып, сәндік-қолданбалы өнердің түрлі бағыттары бойынша өз жұмыстарын ұсынды.

Қатысушылар ұлттық қолөнер дәстүрлерін заманауи тәсілдермен үйлестіре отырып, жоғары деңгейдегі шығармашылық шеберліктерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Зеренді ауданы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ, пластикасы номинациясы бойынша:  

3 орын – Балташ Амира,  Искакова Ш.Ж., «М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш) номинациясы бойынша:

1 орын - Раимбекқызы Інжу, Абдуллаев Р.Р., «Бірлестік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу; ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау номинациясы бойынша:

2 орын - Буксинова Айлана, Бехгольд М.А., «Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау номинациясы бойынша:

1 орын - Хабасия Гүлназ, Малик Армангуль, «Зеренді ауылының БЖШО» МКҚК, Мұрагер үйірмесі.

Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше номинациясы бойынша:

1 орын - Гиззат Санжар, Акпаева  Г.К., «Зеренді ауылының БЖШО» МКҚК .

Барлық жүлдегерлер грамоталармен марапатталды, ал бірінші орын иегерлері Ақмола облысының намысын республикалық  деңгейде қорғауға дайындалуда.
Жас шеберлер мен олардың жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Шабыт пен жаңа шығармашылық биіктер тілейміз!

Баранова Е.Ю

«Зеренді ауылының БЖШО» МКҚК әдіскері 

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст