Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша «Алтын қазына» балалар шығармашылығы байқауын өткізу ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

1. Көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша «Алтын қазына» аудандық балалар шығармашылығы көрме-байқауын (бұдан әрі –көрме-байқау) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.

2. Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

3. Міндеттері:

  1. білім алушыларды көркем өнерге, тарихи мұраға араластыру, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту, оларды әлеуметтендіру;
  2. бала тұлғасының шығармашылығын, оның әлемді эмоциямен қабылдаудағы эстетикалық сезімін дамыту;
  3. балалар шығармашылығының көркем және қолданбалы-сәндік өнеріне деген қызығушылықтарын дамыту;
  4. заманауи сәндік-қолданбалы өнердегі халық дәстүрін сақтау және елдің мәдени-тарихи мұрасын арттыру;
  5. балалардың бойында отансүйгіштік сезімін, Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың ұлттық мәдениетіне, халықтық дәстүрлеріне, халықтардың салтына деген құрмет және ұқыпты көзқарасты тәрбиелеу;
  6. шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог жұмысшыларды ақпараттық қолдау, ұжымдар арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту және қолданбалы-сәндік өнері саласында балалармен жұмыс жүргізу үшін білім беру ұйымдарының педагогтары арасында тәжірибе алмасу;
  7. балаларды іс-шараларға араластыру арқылы оларды қосымша білім берумен қамтуды кеңейтуге ықпал ету.

 

2. Көрме-байқауды ұйымдастыру уақыты мен орны

 

5. Көрме-байқау қашықтық форматта 2021 жылдың 26-ақпанда өткізіледі.

6. Аудандық/қалалық білім бөлімі басшысының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (қосымша) және электрондық нұсқадағы байқау жұмыстары2021 жылдың  20-ақпанына сағат 18.00-ге дейінzerendi_ddt@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.Анықтама телефоны: 8 (71632) 21507

          7. Байқауға өтінім жіберу қатысушылардың байқау шарттарымен толық келісетіндігін білдіреді.


 

3. Көрме-байқау қатысушылары

 

9. Қатысушылардың жасы: 11-17 жас (18 жасқа дейін). Жұмыстар авторлық (жеке) болуы қажет. 

10. Әр ауданнан/қаладан қатысатын бала саны – 7 (әр номинацияда 1 қатысушыдан).

 

4. Көрме-байқауды тәртібі

 

11. Балаларды іс-шараларға қатыстыру арқылы көркем, сәндік-қолданбалы шығармашылықты дәріптеу, балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін Көрме-байқау екі кезеңде өткізіледі.

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік Көрме-байқау;

аудандық (қалалық) Көрме-байқау;

2) екінші кезең – облыстық (іріктеу) Көрме-байқау.

3) үшінші кезең (қорытынды) – республикалық Көрме-байқау.

12. Көрме-байқаудың облыстық іріктеу кезеңіне, аудандық/қалалық білім бөлімдері басшыларымен расталған өтінімге сәйкес, Көрме-байқаудың аудандық/қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары ғана қатыса алады.

13. Көрме-байқауға авторлық (жеке) туындылардың әр түрлі жанрдағы, техникадағы және материалдағы фотосуреттері қабылданады: әр қатысушыдан әр номинацияға 5 жұмыстан қабылданады (бір бала бір номинацияға қатысады):

1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;

2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);

3) шыныны көркемдеп өңдеу: витраж;

4) металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;

5) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;

6) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;

7) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг,папье-маше.

14. Барлық номинациялар бойынша жұмыстар түпнұсқаны сканерлеу немесе фотоға түсіру жолымен немесе компьютерлік графикалық редактордың көмегімен орындалған электрондық көшірмелер (графикалық файлдар) түрінде қабылданады.

Файл параметрлері: jpgнемесеpngформаты. Қосымша материал ретіндежұмысжасаупроцесінкөрсететінфотосуреттерұсынылады. Міндеттітүрде: жұмыстыңатауы, орындаутехникасы, қажетболғанжағдайда – мазмұнынтүсіндіру.

15. Бағалау өлшемдері:

жұмыстың Көрме-байқау номинациясына сәйкестігі;

ұлттық дәстүрлерді сақтау және қолдану;

жұмыстың орындалу сапасы және көркемдік деңгейі;

ерекшелігі;

бұйымның стильдік, көркемдік және образдың шешімінің тұтастығы;

фотоның сапасы және анықтығы.

16. Жұмыстардың ілеспе заттаңбасы (этикеткасы) болуы тиіс: жұмыстың аталуы, автордың тегі, аты, жасы, орындау техникасы, білім беру ұйымының аталуы. Ілеспе заттаңбасының анық фотосын қоса тіркеу қажет.

 

5. Көрме-байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

 

17. Кәсіби қазылар алқасы Көрме-байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша байқаудың бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.

18. Көрме-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдар және сыйлықтармен, ал жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға Көрме-байқауға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.

19. Көрме-байқаудың қорытындысы инстаграм парақшасында жарияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

Көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша «Алтын қазына» балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауына қатысуға өтінім

Номинация

Орындаушының

Т.А.Ж.

Мектеп

Туған жылы, айы, күні

Білім беру ұйымы, сыныбы

Жұмыстың аталуы

Жетекшінің толық аты-жөні (жеке куәлігі бойынша), байланыс телефоны

Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы

 

 

 

 

 

 

Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш)

 

 

 

 

 

 

Шыныны көркемдеп өңдеу: витраж

 

 

 

 

 

 

Металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;

ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау

 

 

 

 

 

 

Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау

 

 

 

 

 

 

Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг,папье-маше

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп директоры ________________________ Т.А.Ж.

                                                                       (қолы)

 

Жаңартылған күні: 13.02.2021 01:59
Құрылған күні: 13.02.2021 01:59

Текст