Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес күнінің қарсаңында «Қымбат маған өмірім» атты ең үздік буклет бойынша аудандық сырттай байқауының ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: Оқушыларды ЖҚТБ-ның алдын-алу проблемаларына саналы түрде қарауға мотивациялау, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • салауатты өмір салтын насихаттау;
  • талантты және дарынды балаларды анықтау.

 

Байқауды ұйымдастырушылар: БШҰ

Байқаудың қатысушылары және шарттары:

  • байқауға жалпы білім беретін мектеп оқушылары, балалар шығармашылық

үйлерінің (Орталықтарының) тәрбиеленушілері қатыса алады;

  • аудан (қаладан) 3 буклетке дейін қабылданады.

 

Материалдарға қойылатын талаптар:

Байқауға қатысуға жіберілетін буклеттерге қойылатын талаптар: ұзындығы 20 см, ені 10-12 см; 6-8 беттік буклет-кітапша түрінде тапсыруға болады: түрлі-түсті, соны, қалың жылтыр қағазға салынған авторлық суреті бар мәтінімен. Материалдарды Photo shop, Corel Photo-Point  және т.б. графикалық редакторларда өңдеуге болады.

    Буклеттер кері қайтарылмайды, үлестірме материал ретінде қолданылады.

     

Өтінімдерді қабылдау тәртібі: Өтінімдер (1 қосымша) мен жұмыстар (буклеттер) 2018 жылдың 26 қарашасына дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Зеренді ,  Мусин көшесі 33

Қосымша ақпарат алу үшін 21507 телефонына немесе  zerendi_ddt@mail.ru электронды мекенжайына хабарласуға болады.

«Қымбат маған өмірім» ең үздік буклет бойынша облыстық сырттай байқауының қорытындысы 2018 жылдың 30 қарашасы күні   белгілі болады.

 

Жеңімпаздарды марапаттау:

Жүлделі орын иегерлері дипломдар және грамоталармен марапатталады (сырттай формада).

 

(1 қосымша)

 

                                               Өтінім формасы

 

Vtrntg

Қатысушылардың Т.А.Ә.

Мектеп, сынып

Буклеттің атауы (саны)

Ұйымдардың байланыс телефондары

Жетекшінің Т.А.Ә., ұялы тел.

 

жетекшісінің қолы                                                                                                                     мөрі

Жаңартылған күні: 20.11.2020 00:57
Құрылған күні: 20.11.2020 00:57

Текст