"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп оқушылары арасында сырттай "ЖайдарлыЖасҰлан" облыстық интеллектуалды сайысы өтті. "Жайдарлы Жайдарман" сайысының мақсаты –өскелең ұрпақты жоғары рухани адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жас өспірімдердің шығармашылық және интеллектуалдық деңгейін көтеру. Бұл сайысқа аудан/қалалардан 14 топ қатысты. "ЖайдарлыЖасҰлан" интеллектуалды сайысы екі кезеңнен тұрды:
«Сәлемдесу» (3 мин)және
«Үй тапсырмасы» (3 мин).
Сайысқа әділ қазылық еткен Ботанов Арнай Болатұлы– көсбасшысы, Амантаев Ибрагим Еркебуланович–көсбасшысы, Есекеева Мансия Мұхтарқызы–Ақмола облысы "ЖасҰлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы өз бағаларын берді. Сайыстың қорытындысы бойынша Зеренді ауданының "1990" тобы 3-орынға ие болды (жетекшісі Нұршәріп Сәндігүл).
Топ мүшелерін және жетекшісін құттықтай отырып, жаңа жетістіктерге жете берсін деген тілектеміз!
Нұршәріп Сәнді
Қосымша білім беру педагогы
"Бала би" үйірмесінің жетекшісі