Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясындат«Тарих ізімен» облыстық көрме-байқауын өткізді.
Көрме-байқаудың мақсаты жас ұрпақты сәндік-қолданбалы шығармашылыққа баулу арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнер дәстүрлерін қайта жаңғырту және дамыту, жалпыұлттық және мәдени құндылықтарды насихаттау.
Әділ қазылар шешімімен «Ұсталы ел озар» (металлды көркемдеп өңдеу) номинациясы бойынша Еленовка ауылының жалпы білім беретін мектеп базасындағы Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының "Мастера гравюры" үйірмесінің тәрбиеленушісі Максимишин Владимир жүлделі 1 орынға ие болып, дипломмен және бағалы сыйлықпен мараматталды.
Және де «Шебер қолдар» (Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу) номинациясы бойынша Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының "Архитектура және өнер папье-маше " үйірмесінің тәрбиеленушісі Пелевина Екатерина жүлделі 3 орынға ие болып, дипломмен және бағалы сыйлықпен мараматталды.
Жеңімпаздарымызды құттықтай отыра, жаңа белестерді бағындыруға тілектеспіз!