13 қыркүйек 2022 жылы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша «Алтын қазына» балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру болып табылады.
Көрме-байқау 8 номинациясында өтті.
Әділ-қазылар шешімімен Зеренді ауданы бойынша қағаздан бұйымдар жасау номинациясында, Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Архитектура папье-маше» үйірмесінің оқушысы Ергалиева Жұлдызай 1 орынға ие болды (Жетекшісі Акпаева Г.К.) Металлды көркемдеп өңдеу номинациясында «Архитектура папье-маше» үйірмесінің оқушысы Ержігіт Ербол 1 орынға ие болды. (Жетекшісі Акпаева Г.К.) Тоқыма бұйымдарын дайындау номинациясы бойынша «Калейдоскоп» үйірмесінің оқушысы Жусупова Нургуль 2 орынға ие болды. (Жетекшісі Искакова С.А.) Шыныны көркемдеп өңдеу номинациясы бойынша «Волшебные краски» үйірмесінің оқушысы Иманкулова Меруерт 3 орынға ие болды (Жетекшісі Житниковская Т.В.)
«Алтын қазына» облыстық көрме-байқауында ең көп жүлделі орынға ие болғандықтан Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығыныңдиректоры Сейдахметов Бахытбек Айдарбекұлына сөз берілді. Бұл біз үшін үлкен мәртебе.
Ендігі республикалық кезеңде Ақмола облысын Ергалиева Жұлдызай және Ержігіт Ербол қорғайтын болады, жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!!!