Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бояулар құпиясы» сайысының жеңімпаздары

10.07.2023

2023 жылдың маусым айында Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының балалар-жасөспірімдер  шығармашылық орталығының ұйымдастырылуымен аудандық жас суретшілер «Бояулар құпиясы» атты байқауы сырттай форматта өтті.

Байқаудың мақсаты білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарын ынталандыру үшін жағдай жасау.

Байқауға ауданымыздың  жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 (18 жасқа дейін) білім алушылары қатысты.

Жұмыстар байқау номинацияларында кез-келген техникада (акварель, май, пастель, қарындаш, гелий қалам, түрлі-түсті қарындаш, аралас техника) кез-келген материалда (картон, қағаз, кенеп, т.б.) орындалды.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтті.

1) «Менің елім - менің жерім»:

- классикалық кескіндеме (портрет, пейзаж),

- тақырыптық натюрморт (халықтық тұрмыстық заттардың немесе халық кәсіпшілігі мен қолөнер бұйымдарының бейнесі)

2)«Таланттар палитрасы»:

- авангард және эксперименттік кескіндеме – кез-келген композициялық шешім,

- сюжеттік композиция(«Жер бетіндегі үздік демалыс», «Менің әуестігім», «Мен және менің отбасым»).

Әділ-қазылар шешімі бойынша

«Менің елім - менің жерім» номинациясында

 (Класикалық кескіндеме (10 және13 жас аралығы)), бойынша

1орын-Жолдыбек Айдын (Зеренді ауылының «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»)

 (14 және17 жас аралығы)

2орын - Ергалиева Жулдызай (Зеренді ауылының «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»)

Тақырыптық натюрморт

(10 және13 жас аралығы)

1 орын - Калдуова Камила (Зеренді ауылының «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»)

(14 және17 жас аралығы)

2 орын - Ержігіт Ербол (Зеренді ауылының «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»)

2) «Таланттар палитрасы» номинациясы бойынша

Авангард және эксперименттік кескіндеме

(10 және13 жас аралығы)

1 орын - Хайырболды Аружан (Зеренді ауылының «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»)

 (14 және17 жас аралығы)

1 орын - Марат Мейірім (Зеренді ауылының «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»)

3 орын - Коготько Аня (Зеренді ауылының «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»)

Жеңімпаздарымызды құттықтай отыра облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!!!



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст