Қаңтар айында Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында "Жас Ұлан"ББЖҰ оқушылары арасында онлайн аудандық пікірсайыс турнирін өткізді.
Турнирдің мақсаты: қазақстандық қоғамда орын алған өзекті проблемалық жағдайларды талдау және жария талқылау арқылы облыс оқушыларының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, нақты проблемаларды шешу жолдары мен негіздерін қалыптастыру болды. Турнирге ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Барлық қатысушылар айналмалы жүйе бойынша ойнады, содан кейін ең көп жеңісі бар командалар жартылай финалдық және финалдық ойындарға қатысты.
Нәтижесінде: 1-орынды Абай ОМ командасыжеңіп алса, 2-орынды – Елікті ОМ және 3-орынды –№1 Зеренді ОМ иеленді.
Турнир жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Саликов Е.З.,
пікір-сайыс клубының жетекшісі