Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық "Тарих ізімен" байқауы

19.03.2021

2021 жылдың 18 наурызында облыстық оқу-әдістемелік орталығы ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн форматта "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын жүзеге асыру аясында "Тарих ізімен" облыстық байқау-көрмесі өтті. Мақсаты: жас ұрпақты сәндік-қолданбалы шығармашылыққа баулу, жалпыұлттық және мәдени құндылықтарды насихаттау арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнер дәстүрлерін жаңғырту және дамыту.

Байқау үш номинация бойынша өтті.

"Құрақ көрпе" номинациясы: тоқыма бұйымдарын дайындау.

БЖШО-нан "Калейдоскоп" үйірмесінің тәрбиеленушісі Кенжина Наргиза (жетекшісі Искакова С.А.) қатысып, «Тұмарлар» атты жұмысын қорғады.

2. "Шебер қолдар" номинациясы: ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу. Бұл номинацияда "Сиқырлы өнер" үйірмесінің тәрбиеленушісі Абдрахманова Диана (жетекшісі Г.Б. Шаденова) өз жұмысын қорғап, өнерімен таныстырды.

3. "Ұстаз ел озар" номинациясы:металды көркем өңдеу.

Бұл номинацияда Филиппова Анастасия "Гравюра шеберлері" үйірмесінің тәрбиеленушісі (жетекшісі Матерн А.А.) металл бойынша өз жұмысын қорғады.

Конкурстың қорытындысы Ақмола облысының білім басқармасының @aqmoedu инстаграм парақшасында жарияланады.

Қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!!!

Капарова А.Ж.

ҚБП

Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст