Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын қазына» балалар шығармашылығының аудандық байқауы

10.04.2021

Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша аудандық«Алтын қазына» балалар шығармашылығының байқауын ұйымдастырды.

Бұл бауқаудың мақсаты:білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Байқауғаауданымыздың мектеп оқушылары белсене қатысып,әр түрлі жанрдағы, техникадағы және материалдағы орындаған жұмыстарын онлайн түрде фоталарын жіберді.

Байқау 7 номинация бойынша өткізіліп,І орын алған жеңімпаздарымызоблыстық кезеңінде ауданымызды қорғайтын болады.

1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы номинаиясындаКасымова Дана (Айдабол ОМ), Кенжина Наргиза (БЖШО).

2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш) номинация бойынша Каземир Максим ( БЖШО Садовый ОМ базасы).

3) шыныны көркемдеп өңдеу: витраж номинациясында Житниковская Виктория (БЖШО Акколь ОМ базасы).

4) металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу номинациясында Максимишин Владимир (БЖШО Еленовка ОМ базасы).

5) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау номинациясы бойынша Абдрахманова Диана(БЖШО Шағалалы ОМ базасы), Накупова Малика(БЖШО).

6) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасауноминациясында Тулкубаева Айлин  (БЖШО).

7) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг,папье-маше номинациясында Ергалиева Жулдызай (БЖШО), Калымбекова Аяулым (Шағалалы ОМ).

ІІ орынға ие болған Филиппова Анастасия және Пастух София (БЖШО Еленовка ОМ базасы), Бакирова Карина (Айдабол ОМ), Мостовая Анастасия (Алексеевка ОМ), Болатова Диана (Айдабол ОМ), Иващенко Милана (Еленовка ОМ), Шарафуллина Альфия (Молодежный НМ), Батырбек Зарина (Шағалалы ОМ),  Бакытбек Ұнар (Көктерек НМ), Мукаш Нурым (Приречный ОМ), Брыкова Екатерина (Троицк ОМ),Чернов Владимир  (Өркен НМ), Кәрімжан Томирис  (Елікті ОМ).
 ІІІ орынды Панасюра Дарья (Троицк ОМ), Литвинова Анастасия  (Приречный ОМ), Канат Мадина  (Приречный ОМ), Касымова Маржан (Айдабол ОМ), Касенова Нурия(Алексеевка ОМ) иеленді.

Жеңімпаздарымызды құттықтай отыра, І орын алған дарынды балаларымызға олыстық кезеңде сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 214


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст