Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл, Рухани жаңғыру бағдарламасына 4 жыл толуына орай Зеренді ауданында «Менің Отаным – Менің Қазақстаным» атты сәндік қолданбалы өнер шеберлерінің облыстық байқауы аталып өтті.
Аталған байқау мақсаты – ата-бабадан қалған қолөнер дәстүрін барынша насихаттау, тәуелсіз елдің тұғырын қолөнер мәдениеті арқылы көрсете білу, өнерпаздардың өнерлерін паш ету.
Бақ сынасушылардың өнерлерін бағалау үшін қазылар алқасы құрамына Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» басшысы Е. Нұғманов; Ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының төрағасы –Ғ. Төлеғұл; Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы – К.Рахымжанова қатысты.
Кең залды толтырып қаз-қатар тізілген хас шеберлердің жұмыстарын бағалап саралау қазылар алқасына оңайға соқпады. Байқауға өнерлерімен белсене қатысқан өнерпаздар да алғыс хаттардан құр қалмады. Қазылар алқасының әділ шешімімен қатысушылар жүлделі орындарға ие болды, жүлдегерлерді аудан әкімінің орынбасары Р.Қ.Ғабдуллина марапаттады:
ІІІ орын Матерн А.А
ІІ орын Ысқақова С.А
І орын Капарова А.Ж.
Бас жүлде - Шаденова Г.Б иемденіп, жеңімпаздарға сый ретінде планшеттер табысталды.
Қазылар алқасы мен қатысушы қонақтар барша марапат иелерін шын жүректен құттықтап, тілектерін білдірді.