Зеренді ауданы балалар мен жасөспірімдер орталығының жанындағы ЖОББ Ақадыр мектебінің "Жас эколог" үйірмесінің оқушылары экологиялық білім берудің жалпы республикалық апталығы аясында "Біз болашаққа жауаптымыз" тақырыбымен мектеп алаңын тазалап, көгалдандыру жұмыстарын атқарды.
«Көктемнің әр күні бір жылға азық» деп халық бекер айтпаған.
Биыл жылдағыдай "Жас эколог " үйірмесінің оқушылары мен ата-аналар бірігіп экология апталығы жоспарына сәйкес, мектеп ауласына жас көшеттер отырғызуға ат салысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, білім ұясымен биыл қоштасатын шәкірттер арман ағашы көшетін әкеліп, мектеп ауласына отырғызды.
Негізгі мақсатымыз қоршаған ортаны қорғау, айналаны көгалдандыру, және оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.
Ағаш егу - бұл атадан балаға мирас болған сауапты іс. Осыны түсінген оқушылар экология апталығында өткен іс шараға белсене қатысты. Балалардың тындырымды еңбегіне ұстаздар да тәнті болды.
"Жас эколог" үйірмесі.
Жетекшісі:Омиртай Н.