Ұйымдар тізімі
06.03.2026
Құрметті әріптестер, ардақты аналар және аяулы қыз-келіншектер!
Сіздерді көктемнің шуағымен бірге келетін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйел – өмірдің сәні, отбасының берекесі, қоғамның тірегі. Сіздер мейірім мен даналықтың, сұлулық пен төзімділіктің жарқын үлгісісіздер. Балалар мен жасөспірімдерге білім мен тәрбие беріп, олардың шығармашылығын дамытып, болашағына бағыт-бағдар беріп жүрген еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.
Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының дамуына қосып жүрген еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен жүрек жылуларыңыз жас ұрпақтың жарқын болашағын қалыптастыруға зор үлес қосып келеді.
Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт және толағай жетістіктер тілеймін. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, өмірлеріңіз қуаныш пен бақытқа толы болсын!
Ізгі тілекпен,
Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының директордың м.а. Баймаханова Г.Т.



