Ұйымдар тізімі
27.03.2026
Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау – әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі. Осы орайда елімізде өткізіліп жатқан «Тазару күні» акциясының маңызы зор. Бұл күн тек айналаны тазартумен шектелмей, адамдардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қоғамдағы жауапкершілік сезімін нығайтады.
«Тазару күні» аясында атқарылатын игі істер сан алуан. Аула тазалау, ағаш отырғызу, өзен-көл жағалауларын қоқыстан арылту – мұның бәрі қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған нақты қадамдар. Әсіресе жастардың белсенді қатысуы – болашақ ұрпақтың табиғатқа деген көзқарасының дұрыс қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Соған орай "Балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығының" тәрбиеленушілері де бұл акцияға белсене қатысып азаматтық борышын орындады "Тазару күніне" орай қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. Балалар ұйымшылдық танытып, көшеге шығып, қар тазалау жұмыстарына белсене қатысты.



