2021 жылдың тамыз айында Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастырылуымен қашықтық форматта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Бояулар құпиясы» аудандық жас суретшілер байқауы өткізіледі.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарын ынталандыру үшін жағдай жасау.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтті.
1) «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» жас суретшілер көрмесі:
-класикалық кескіндеме;
-авангард және эксперименталды кескіндеме;
-«Менің Отаным - Қазақстан» (еркін тақырып)
2. Жас суретшілер байқауының номинациялары:
1) «Коллаж» номинациясы.
2) «Бояулар құпиясы» номинациясы.
3) «Сүйікті кітабымның иллюстрациясы» номинациясы.
Байқауының қорытынды бойынша:
(10 және 14 жас аралығындағы)
Бас жүлде: БЖШО. Житниковская Виктория.
Бас жүлде: Еленовка ОМ. Николаева Вераника.
1-орын: БЖШО. Радзевич Анастасия.
1-орын: БЖШО. Усин Алишер.
2-орын: БЖШО. Пастух София.
3-орын: Ақадыр ОМ. Амантай Ибрахим.
Қалған қатысушылар "Белсене қатысқаны үшін" мадақтамалармен марапатталды.
Жеңімпаздар ауданымызды облыстық кезеңде қорғайтын болады
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, сәттілік тілейміз!!!