2021 жылдың 10 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында облыстық «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетанушылық сәндік-қолданбалы шығармашылығы байқауы өткізілді.
Байқау балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығының дамуына жан-жақты ықпал ету, өзара жарыстыру арқылы қатысушыларға өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және танытуға мүмкіндік беру мақсатында өткізілді.
Байқауға 16 аудан және 2 қаладан 99 жас шеберқол қатысты. Олар байқауға тегіс жұмыстармен қатар, көлемді-ауқымды 150-ден астам шығармашылық жұмыс ұсынды.
Қазылар алқасының құрамы дизайн магистрлерінен, Еуразиялық суретшілер одағының мүшелерінен, мәдениет қайраткерлерінен құралды.
Қазылар алқасының шешімімен Зеренді ауданы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
Матадан жасалған бұйымдар» номинациясында:
3 орын – Қабылбекова Аяулым – Зеренді ауданы, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі.
«Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациясында:
2 орын – Николаева Вероника – Зеренді ауданы Еленовка ауылының ЖББМ.
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен, олардың жетекшілері алғыс хатпен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.