2021 ж. 19-23 қараша аралығында Зеренді БЖШО ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған VI аудандық "Бала би" шешендік өнер сайысы өтті. Мақсаты-жастардың білімі мен шешендік өнерін дамыту арқылы болашақ ел зиялыларын тәрбиелеу, оқушылардың бойына халық даналығы мен салт-дәстүрімізді сіңіру. Аталған сайысқа ауданымыздан 13 мектеп қатысты. Барлық қатысушы уәзірлер мен жыраулар үлкен дайындықпен келіп, жоғарғы деңгейде білімдерін көрсетті. Жыл сайын "Бала би" сайысына қатысушылар көбейіп келе жатқаны қуантады. Әділқазылар қорытындысы бойынша: I орын-"Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі", "Ескенежал ауылының НОМ", II орын-"Зеренді ауылының М.Ғабдуллин ат.мектеп-гимназиясы", "Ортақ ауылының ЖОББ мектебі", "Жылымды ауылының НОМ", III орын-"Еленовка ауылының ЖОББ мектебі", "Кеңөткел ауылының НОМ", "Ақкөл ауылының ЖОББ мектебі", "Қонысбай ауылының ЖОББ мектебі", "Ортағаш ауылының НОМ", "Көктерек ауылының НОМ". Барлық жетекшілер мен оқушыларға алғыс айтамыз! 1-орын иеленген екі топ облыстық кезеңде Зеренді ауданымыздың намысын қорғайтын болады. Сіздерге сәттілік тілейміз!
"Бала би" клубының жетекшісі: Нұршәріп Сәндігүл.