2021 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысы өтті.
«Бала би» интелелектуалды шешендік өнер сайысы бұл күнгі қоғамда білім мен шешендікті дамыту арқылы болашақ ел зиялыларын тәрбиелеуді, қоғамдағы даулы мәселелерді от ауызды, орақ тілді қазақ би-шешендерінің үлгісімен шешуге баулуды мақсат етеді.
Сайыстың басты мақсаты–дамыған елдердің қатарына қосылу үшін өткенін ұлықтайтын, елінің ұлыларын қадір тұтып, қастерлейтін, өз ұлты мен тілін, ділін, өткенін өзгеден артық қоятын еліміздің болашақ от ауыз, орақ тілді азаматтарын тәрбиелеу.
Сайысқа Аққөл, Аршалы, Атбасар, Зеренді, Біржан сал, Есіл, Жақсы, Сандықтау, Шортанды аудандары, Степногорск және Көкшетау қаласы Абай атындағы №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан жалпы саны 12 топ, 24 оқушы қатысты.
Қатысушы топтар сайыс барысында келесі тақырыптар аясында пікір алмасты:
1.2021 жыл – балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы. Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудың тиімді әрі инновациялық жолдары.
2.Жастардың тіл тазалығын сақтауға бағытталған ұтымды әрі инновациялық іс-шаралар кешені.
3.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Тәуелсіздікті нығайту жолында ұлттық сананы сақтап қалудың маңыздылығы және мұндағы жастардың рөлі.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерлерін бағалай отыра Зеренді ауданы атынан БЖШО жанындағы "ЖОББ Ақадыр мектебі" КММ "Сөз мәйегі" тобы қатысты. Құрамында: Айсипат Назерке, Хумархан Аяулым. Жетекшісі Нұршәріп Сәндігүл. Нағыз білімді, патриот, шешендік өнерді меңгерген, жан-жақты шығармашыл оқушыларымыз жүлделі 2-орынға ие болды.
ЖеңімпаздарАқмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.