Өнерлі өрге жүзеді
Өнер
–адам баласының сонау ықылым заманынан қазіргі күнге дейінгі рухани байлығы.
Соның ішінде бейнелеу өнері ежелден адамзатпен жасасып келе жатқан өнер саласы.
Сурет болсын, қол өнер үлгісі болсын, ол еліміздің тамаша табиғатының әсерінен
болғаны сөзсіз ғой. Осыған қарап-ақ қазақтың, қазақ даласының өнерге тұнып
тұрғанын көреміз. Қазақтың әрбір тасында сурет, тауында құдірет бар екенін
байқаймыз. Өйткені адам ойлаған ойын, қиялынан туған бейнені немесе көрген
затын бірінші қағаз бетіне түсіріп содан кеиін жүзеге асырады емеспе. Ал
бейнелеу өнерінің тағы бір сыры, құдіретті салынғнан картина, ондағы бояулардың
түсі, картинадағы композиция адам жанына тікелей әсер етеді. Барлық картина, барлық
өнер түрлеріне де, бізді айнала қоршаған табиғатқа да көрік беретін ол – түс,
яғни, түрлі түс.
Сондықтан да, «Бояулар сыры» атты байқауында бояу түрлерінің ерекшеліктерін көрсеткіміз келді.
2018 жылдың 16-ақпан
айында «Рухани жаңғыру»
бағдарламасын жүзеге асыру аясында № 2 Зеренді орта
мектебінде аудандық
«Бояулар құпиясы» жас
суретшілер байқауы өтті. Бұл
байқау аудандық білім бөлімі басқармасы және «Балалар шығармашылық үйі»
ұжымының ұйымдастыруымен өткізілді.
Аудандық «Бояулар құпиясы» байқауы келесі үлгіде өткізілді.
Көрме байқауы қатысушыларының шығармашылық жұмыстарының
негізінде бейнелеу өнерінің мына жанрлары бойынша болды.
Бірінші: портрет,
натюрморт (орындалу техникасы: классикалық, авангардтық, эксперименталды кескіндеме);
екінші: сюжеттік композиция «Менің Отаным», орындау
техникасы дәл сондай.
Ал, жас суретшілер
байқауы (ішкі формада) келесі
номинацияларда өткізілді: «Мақтанышым – Астанам» және «Рухани жаңғыру – жаңару жолы» номинациясы.
Байқауға қатысушылар кез келген кескіндемелік және графикалық техникадағы
сюжеттік композицияларын ұсынды. Өздері жұмыстарын атады.
Байқауға 33 мектеп қатысты. Қатысушылар екі жас санаты бойынша сынға
түсті: 1 санат – 10-14 жас; 2 санат –
14-17 жас (18 жасқа дейін).
Қатысушылар жұмыстарын әділ-қазы
алқалары: Аудандық білім бөлімінің әдіскері Доскарина Анар Мусабековна, «Балалар
шығармашылық үйінің директоры Бахытбек Айдарбекович Сейдахметов; суретші, еңбек
ардагері Джуасова Рахиля Камиевна және суретші-безендіруші, дизайнер
Насибуллина Снежанна әділ бағаларын
беруге тырысты.
Конкурс қорытындысы бойынша 1-орынды 10-14 жас аралығында
Зеренді орта мектебінің оқушысы Қайдар Нурислам иеленді. Екінші орынды БШҮ
тәрбиеленушісі Ергалиева Жұлдызай және Гранитный орта мектебінің оқушысы Жексембина Эльмира жеңіп алды. Ал, 3-орынды
Викторовка орта мектебінің оқушысы Сергазина Дария, Заречное негізгі мектебінің
оқушысы Ғалымжан Айшолпан және Березняковка орта мектебінің оқушысы Закериянов
Амиржан иеленді.
14-17 жас аралығында топты жарып
шыққан, яғни І орынды иеленген: Айдабол орта мектебінің оқушысы Аушева Лолита,
ІІ орынды Шағалалы орта мектебінің оқушысы Абдрахманова Алтын және БШҮ
тәрбиеленушісі Прибылых Эмма. ІІІ орынды
иеленгендер: №2 Зеренді орта мектебінің оқушысы Болатова Алина, Айдабол орта
мектебінің оқушысы Касымова Эльмира және Викторовка орта мектебінің оқушысы
Бортникова Валерия. Өнерпаз балаларымызға таудай талап, қайтпас жігер, таусылмас талант
тілейміз.
Бірінші
және екінші орын иегерлері Көкшетау қаласында өтетін облыстық «Бояулар сыры» атты жас суретшілер байқауына
жолдама алып отыр. Осы жеңімпаз
балаларға сәт сапар тілей отыра, жүлделі
орын алып келулеріне тілектеспіз.
Барлық қатысушыларға және олардың жетекшілеріне алғысымыз шексіз.
«Балалар шығармашылық үйінің»
директоры басшылығымен және әдіскер Кинжалинова
Сауле Аскеровна ұйымдастыруымен байқау ұйымдасқан түрде өте жақсы өтті.
БШУ қосымша білім
беру педагогы
Мухамеджанова
Гульнар Ермухамбетовна.