«Болашақ-білімді ұрпақтың қолында.»
Н.Ә.Назарбаев
Қараша айының 21-күні Көкшетау қаласында облыс бойынша жас ғалымдар «ғылыми
жоба» сайысы өтті. Дарынды оқушылардың зияткерлік сайысына әр ауылдан, әр
ауданнан және әр қаладантұлпардың тұяғындай дүбірлеткен 216 оқушы бақ сынасып,
өзінің тұғырлы тұңғиық білімдерін, шығармашыл талпыныстарын көрсетті. Осы дарынды
оқушылар арасында өткен зияткерлік сайысқа сайдың тасындай сықырлаған оқушылар арасында
Зеренді ауданы Балалар шығармашылық үйі атынан Ақадыр орта мектебінің 10-сынып
оқушысы, мектебіміздің мақтанышы Амантай Айнұр Айымбекқызы жаратылыстану
пәндері негізіндегі химия саласы бойынша салиқалы сынға түсті. Ғылым бәйгесіне
үкілеп қосқан жас тұлпарымыздың ғылыми жобаға алған тақырыбы «Ақадыр ауылы ауыз
суының ластануы және оны шешудің тиімді жолдарын қарастыру» болды. Оқушымыздың
ондағы басты мақсаты өзінің туып өскен ауылына таза су енгізіп, ауыл
тұрғындарын таза сумен қаматамасыз ету мақсаты еді. Амантай Айнұрдың ғылыми
жобадан алған тақырыбы қазіргі сұранымдағы өзекті мәселені қозғайтын, өте
құптарлық тақырып деп ойлаймын. Себебі, өз ауылының таза су ішіп, туған жерінің
топырағына аунап, ешқандай ауруға шалдықпай, ұзақ өмір сүргенін қалайтыны анық
көрінуде. Әрине, кім өзінің туған жерінен ластанған су ішкенді қалайды дейсіз?Қазіргі
кезде судың ластануы біздің ауылымызда ғана емес, бүкіл Қазақстан тұрғындарының
басты және ең өзекті күрделі мәселелеріне айналуда деп ойлаймын. Осы мәселені
іске асыруды басшы ағаларымызқарастыру жолдарын жас ғалымның жобасындағы ғылыми
негіздерге сүйене отырып жасауды құптаса нұр үстіне нұр болар еді деген ойдамыз.
Осы ғылыми жобаға қатысушылар жалпы әр түрлі білім беру бағыттары бойынша
қатысқандықтан, оқушымыз Амантай Айнұр өзінің жоғарыда көтерген мәселесі
төңірегінде химия пәнін таңдай отырып, табан ет маңдай терімен зерттелген өз
жұмысын нәтижелі қорғап,өз жобасы бойынша II орынды иеленді. Енді мен болашақ
өскелең жас түлек Айнұрға алдағы Республикалық деңгейге тапсыратын ғылыми
жұмысын жоғары деңгейде тапсыруын тілеймін. Болашақта осыдан да биік дәрежеде
білім сындарынан іркілмей өтіп,биік шыңдарды бағындыра беруіне мен ғана емес,
мектеп әкімшілігі мен ұстаздары да зор үміт күтетіні және үлкен мамандықтың иесі
болатынына мен де сенімдімін!
Зеренді БШҮ Ақадыр
ОМ филиалы
«Жас эколог» үйірмесінің жетекшісіОмиртай Нургуль.