1. Жалпы ережелер
1)Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім бақармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК, және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдары. Заңды мекенжайы Зеренді ауылы, Ж. Мусин көш.33.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2021 жылы ведомствоға бағынысты «Ақмола облысы білім бақармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» 341 қызмет көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны –4;
«Электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 0;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 341.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оларға қосымша білім беру»;
«Педагогтардың біліктілік санаттарын беру және растау рәсімінен өту үшін құжаттарды қабылдау».
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://vs0001.zerenda.aqmoedu.kz«Ақмола облысы білім бақармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған.Сондай-ақ, барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған.Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.«Ақмола облысы білім бақармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК ведомствоға бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 8 қызметкер көрсетеді, 2021 жылы 5қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оныңсапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
2022 жылы «Ақмола облысы білім бақармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Басшы Б. Сейдахметов
Орынд. Б.Жолумбаева
Тел: 22-6-02