Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отаныма деген менің бастамам

05.04.2019

2019 жылдың 4-сәуір күні «Рухани жаңғыру» мақала-бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Отаныма деген менің бастамам»  аудандық шығармашылық жобалар байқауы өтті.

 Байқаудың мақсаты: балалардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері арасында балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.

 Байқаудың міндеттері:

1) балалар мен жастардың назарын өзекті әлеуметтік мәселелерге аудару;

2)  балалар мен жастардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділіктерін, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін дамыту;

3) балалар мен жастардың азаматтық және құқықтық мәдениеттерінің деңгейін арттыру;

4) бастамалар және иновациялық стартаптарды жүзеге асыру үшін алаң құру;

5) қоғамдық белсенділік және әлеуметтік жобалау дағдысын дамыту;

6) балалар мен жасөспірімдердің жобалық қызметтерінің табысты тәжірибесін бағалау және тарату;

7) іс-шараларға араластыру арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

 «Менің бастауым – менің ауылыма»

 «Мен – Қазақстанның азаматымын»

 «Казақстанның жеті кереметі».

Байқауға 8 мектептен 13 оқушы қатысты. Бұл Алексеевка НМ, Приреченск НМ, Ортагаш  НМ, №2 ЗОМ,  Шағалалы НМ, Ақкөл НМ, Игілік НМ  және Балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері.

Кейбір балалар өте жақсы дайындықпен келгені байқалды. Олар  өздерінің  жобаларына  макеттер  жасап, бейнебаяндар   мен презентациялар  көрсетіп түрлендірді.

«Менің бастауым – менің ауылыма»  номинациясы бойынша  орындар мына балаларға бұйырды: Гордеева Антонина 1- орын (Акқөл ОМ, жетекшісі Сорокина А.Р.), Сапар Айболат 2- орын  (Игілік  ОМ, жетекшісі Маймышева С.К.), Мусатаева Анеля – 3 орын (Балалар шығармашылық үйі, жетекшісі Жолумбаева Б.К.)

«Мен – Қазақстан  азаматымын» номинациясы бойынша 1-орынды Қабдығалым Балауса (Игілік ОМ, жетекшісі Муталлапова К.О.), 2-орынды Трухина Анастасия ( №2 ЗОМ, жетекшісі Койшибаева С.С.) 3-орынды  Муратбек Гульден (Ортагаш ОМ, жетекшісі Кабаева Н.Т.) иеленді.

«Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша 1- орынды  Мұрат Ажар (Ортагаш  НМ, жетекшісі Кабаева Н.Т.), 2- орынды Кобжасаров Мирас (Приреченск ОМ, жетекшісі Круч Т.И.)  және Каиртай Диас (Алексеевска ОМ, жетекшісі Корочанский А.И.), 3-орынды Ковалджи Елена (№2 ЗОМ, жетекшісі Нурабаева С.С.) иеленді.

 

Бірінші орынды иеленген қатысушылар облыстық байқауға  жолдама алып отыр. Барлық қатысқан  балаларға оқуда табыс және сәттілік тілейміз!

 

         БШҮ педагогы Мухамеджанова Г.Е.

Просмотров: 371


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст