Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қашықтық форматта «Ақ шағала» аудандық хореографиялық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау, оларды рухани-адамгершілік пен мәдени құндылықтарға араластыру.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1. Халық биі және халықтық стильдегі би:
а) әлем халықтарының билері;
б) қазақ биі.
2. Заманауи би:
а) эстрадалық би;
б) аралас би.
Би ұжымы әр номинация бойынша бір биден жалпы саны екі би ұсынды (әр бидің ұзақтығы 5 минутқа дейін).
Байқау шарттары: Би ұжымындағы қатысушылар саны 9 адамнан аспауы тиіс. Байқауға әр мектептен екі би ұжымы қатысты.
Әділ-қазылар шешімі бойынша халық би және халықтық стильдегі би номнациясы бойынша
1 орынды - «Нұр би» би тобы (Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы) иеленді
2 орын- « Жұлдыз» би тобы (Красный Кордон ауылының негізгі орта мектебі)
2 орын - « Ханшайымдар» би тобы (Ортақ ауылының жалпы білім беретін мектебі) иеленсе
3 орынды- «Томирис» би тобы (Викторовка ауылының жалпы білім беретін мектебі)
3 орынды- «Funny guys» би тобы (Қостомар ауылының негізгі орта мектебі)
3 орынды- «Весёлые девчонки» би тобы (Елікті ауылының жалпы білім беретін мектебі) иеленді.
Заманауи би номнациясы бойынша
2 орын- «Балдәурен» би тобы (Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебі)
2 орын- «DAZZLERS» би тобы (Бәйтерек ауылының жалпы білім беретін мектебі) иеленді.
"Шабыт" би тобы (Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы), « Акшағал» би тобы (Симферополь ауылының жалпы білім беретін мектебі), «Twix» би тобы (Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі), «Танц База» би тобы (Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі) қатысқаны үшін мадақтамалармен марапатталады.
Жеңімпаздарымызды құттықтай отыра облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!!!
Капарова А,Ж,
ҚББП