07 қыркүйек 2022 жылы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша «Алтын қазына» балалар шығармашылығының аудандық көрме-байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру болып табылады.
Көрме-байқау 8 номинациясында өтті.
Әділ-қазылар шешімімен тоқыма бұйымдарын дайындау номинациясында, Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Калейдоскоп» үйірмесінің оқушысы Жусупова Нургуль1 орынға ие болды (Жетекшісі Искакова С.А.). Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу номинациясында, Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Резьба по дереву» үйірмесінің оқушысы Юшков Кирилл 1 орынға ие болды (Жетекшісі Пархоменко Г.В.), Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Сиқырлы өнер» үйірмесінің оқушысы Қабылбекова Аяулым 1 орынға ие болды (Жетекшісі ШаденоваГульмираБазарбаевна). Металлды көркемдеп өңдеу номинациясында «Мастера гравюры» үйірмесінің оқушысы Максимишин Владимир 1 орынға ие болды (Жетекшісі Матерн Анжелика Александровна). Шыныны көркемдеп өңдеу номинациясында «Волшебные краски» үйірмесінің оқушысы Иманкулова Меруерт 1 орынға ие болды (Жетекшісі Житниковская Т.В.). Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау номинациясы бойынша «Архитектура папье-маше» үйірмесінің оқушысы Ержігіт Ербол 1 орынға ие болды. (Жетекшісі Акпаева Г.К.) . Қағаздан бұйымдар жасау номинациясы бойынша «Архитектура папье-маше» үйірмесінің оқушысы Ергалиева Жұлдызай 1 орынға ие болды (Жетекшісі Акпаева Г.К.) Ұлттық стильдегі интерьер дизайны жобасы номинациясы бойынша «Дизайн шебер қолдар» үйірмесінің оқушысы Тупавова Заира 1 орынға ие болды (Жетекшісі Капарова А.Ж.)
Жеңімпаздарымызды құттықтай отыра, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!!!