2022 жылдың 29 қыркүйегінде «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ Ақмола облысының білім басқармасымен бірлесіп қосымша білім беру ұйымдарының үйірмелері мен студияларының мұғалімдеріне онлайн режимінде «Дарынды балалармен жұмыс істеу принциптері» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Шеберлік сыныбының мақсаты – оқыту процесінде ерекше дарындылықты және оның жас ерекшеліктерін анықтау.
Бұл шеберлік сыныбының құттықтау сөзі Ақмола облысы білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы – Магавина Айгүл Сағынбайқызына берілді.
Одан кейін сөз сөйлегендер: Васильева Е.Н. – «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ әдіскері.
Коростелева Наталья Николаевна – Аршалы қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» КММ директоры.
Хамзина Аридаш Жарасбаевна – «Волашаг сарайы» ШЖҚ МКҚК вокал мұғалімі, Көкшетау қ.
Гернер Карина Вячеславовна - Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Балалар музыка мектебінің фортепиано бөлімінің оқытушысы.
Мағзұмов Дужан Нуролович – бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі, «Балалар көркемсурет мектебі» КМҚК, Көкшетау қаласы.
Сондай-ақ осы шеберлік сыныбында Зеренді ауданының «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының» педагогы Қапарова Айгүл Жетпісқызы сөз сөйледі.
Жалпы, шеберлік сабағы өте қызықты және нәтижелі болды.
Барлық қосымша білім беру мұғалімдеріне шығармашылық ізденістер, шығармашылық жұмыс барысында дарынды балаларды анықтап, олардың кез келген бастамасына қолдау тілеймін.
Капарова А.Ж.
ҚББП