«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының ұйымдастыруымен 13 қазан 2022 жылы «ЭКОөмір» атты жас өлкетанушылар, экологтар және табиғат зерттеушілерінің аудандық форумы өтті.
Форумның мақсаты білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу болып табылады.
Форум 6 номинация бойынша өтті.
Аудандық кезеңде Зеренді ауданының оқушылар белсене қатысып, әділ-қазылардың шешімі бойынша
«Zhasyl EL»номинациясы бойынша Шағалалы ауылының жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Тресцова Екатерина 1 орынға ие болды.
«Экотеатр» номинациясы бойынша Ортақ ауылының жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Әбжан Ғанимат, Орал Жарас, Болат Әділет, Әділмұрат Жанерке, Алмаханбек Таңназ, Төлеубай Нұрай, Байзолла Мерей 1 орынға ие болды.
«Eko-Bolashak» номинациясы бойынша Садовое ауылының жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Яценко Виктория 1 орынға ие болды.
«GREEN OASES» номинациясы бойынша Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі Кучумова Айлин 1 орынға ие болды.
«Туған өлкенің бояулары» номинациясы бойынша Жолдыбай ауылының жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Зұлқарнай Аян 1 орынға ие болды. Осылай аудандық іріктеуден өтіп облыстық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздарымызды құттықтай отыра облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!!!
Капарова А.Ж.
ҚББП