Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша облыстық байқаудың жеңімпаздары

03.04.2023

2023 жылдың 14-15 наурыз күні Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастырылуымен «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының көрме-байқауы өтті.

Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет көрсету, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Көрме-байқауға авторлық (жеке) туындылардың әр түрлі жанрдағы, техникадағы және материалдағы жұмыстар 7 номинация бойынша өткізілді.

1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы

2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);

3) металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;

4) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;

5) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;

6) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг,папье-маше;

7) ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т. б.

 Облыстың барлық аудандырынан дарынды деген оқушылар келіп өз-өнерлерін көрсетті.

Қорыта келе Зеренді ауданынан тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы номинациясы бойынша 3 орын Сизухина Алина, жетекшісі: Искакова С.А.

-ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш) номинациясы бойынша 2 орын Карпов Кирилл, жетекшісі: Пархоменко Г.В.

-металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу номинациясы бойынша 1 орын Нтколаева Вероника, жетекшісі: Матерн А.А.

-ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау номинациясы бойынша 1 орын Юшков Кирилл, жетекшісі: Пархоменко Г.В.

-ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау номинациясы бойынша 3 орын Жетпіс Аиша, жетекшісі: Капарова А.Ж.

-қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше номинациясы бойынша 3 орын Ергалиева Жұлдызай, жетекшісі Акпаева Г.К.

-ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т. б. номинациясы бойынша 1 орын Нурмухамедова Аружан, жетекшісі Искакова С.А.

 Жеңіпмпаздарымызды құттықтай отыра Республиклық кезеңде сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 235


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст