Текст
2023 жылдың тамыз айының 18 күні Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілердің облыстық байқауын өткізді. Бұл сайысқа ауданымызды қорғауға Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының, "Жас өлкетанушының әлемге көз қарасы" үйірмесінің тәрбиеленушісі Жолдыбек Айдын қатысып, өз өнерін сол жерде көрсетіп облысымыздың түпкір-түпкірлерден келген қаншама оқушылардың арасынан ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Журсунов Мирам Бейсембиевич.
Айдынға болашақта жаңа биік белестерден көріне берсін деген тілектеміз!