2023 жылғы 24-25 тамыз аралығында Түркістан қаласында "Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие" атты білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясына Ақмола облысынан ұстаздар қатысып тәжірибе алмасты. Ақмола облысы ұстаздар қатарында болып Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының "Мұрагер" үйірмесінің педагогы Мәлік Армангүл шақыруға ие болып қонақ ретінде болып келді. Бұл әрине педагог үшін үлкен тәжірибе, және де біздің мекеме үшін үлкен мәртебе.
Ондағы көтерген мәселе -бүгінгі таңда тәрбие жұмысы жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу, жеке тұлғаны қалыптастыру, ғылым мен тәжірибедегі жетістіктер, сонымен қатар сапалы білім алу болып табылды.
Алдағы оқу жылға үлкен күш қуатпен кіріп, жемісті жұмыс, талантты оқушы, үлкен жетістіктерден көріне берейік!