06 қазан 2023 жылы ауданымызда "Мұғалімдер күніне" орай салтанатты концерт өтті. Концертке ауданмыздың үздік деген мұғалімдері келіп, ең алғашқыда аудан әкімі Әсен Жаксылыков құттықтау сөз сөйлеп, одан облыс деңгейде Алғыс хаттарды мұғалімдерге марапаттап, кейін өз атынан марапаттауды жалғастырып, бағалы сыйлықтарды сыйлады, Кейіннен аудан білім бөлімі басшысы Динара Шаймерденовна атынан да алғыс хаттар марапатталды, бағалы сыйлықтар сыйланды. Кәсіподақ ұйымы Ботагоз Байназаровна да мұғалімдерге алғыс хат марапаттап, сыйлықтар сыйлады. Біздің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы да шетте қалмай, бұл марапаттарға да ие болды, аудан әкімінен алғыс хатпен қосымша білім беру педагогы Капарова Айгүл Жетписовна марапатталды, кәсіподақ ұйымынан Акпаева Гүляйым Кашкимбаевна марапатталды, және де жаңа келген мұғалімдер де құрметке ие болды, оның қатарында біздің жаңа педагог Сулейменва Жансұлу Қадырбековна.
Жаңа құрметтер құтты болсын, мұғалімдер қауымы тек биік белестерден көрініп, талантты шәкірттері көп болсын!