Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Озық педагогикалық тәжірибе – аудан педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамытудың негізі» облыстық семинар

23.10.2023

Зеренді ауданында 2023 жылдың 20 қазанында білім саласы үшін маңызды оқиға – «Озық педагогикалық тәжірибе – аудан педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамытудың негізі» тақырыбында мұғалімдерге арналған облыстық семинар өтті. Бұл семинар облыстың бес ауданынан жүзге жуық қатысушының басын қосты. Бұл мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісетін, өзекті мәселелерді талқылайтын және білім беруді дамытудың жаңа жолдарын іздейтін алаңға айналды.
Семинардың басты мақсаты – облыс мұғалімдерінің басын біріктіріп, білім мен тәжірибе алмасу.
Бұл семинарға біздің қосымша білім беру ұйымы, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы да қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті, қосымша білім беру пәнінің мұғалімі Жолумбаева Ботагөз Қадыржағқызы «Менің тамаша миым» – танымдық қабілеттерді дамыту» тақырыбында баяндама оқыды, «Мастерская общения» үйірмесінің авторлық білім беру бағдарламасы. Сонымен қатар ұстазымыз Мәлік Армангүл «Озық педагогикалық тәжірибе -Зеренді ауданды педагогтың қасиеті Күзіреттілігінің дамытқан негізі» тақырыбында баяндама оқыды. Мұғалімдер жоғары деңгейде өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ көрме ұйымдастырылып, онда балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы тәрбиеленушілерінің жұмыстары қойылды.
Семинар жоғары деңгейде өтті, осы облыстық семинарға белсене қатысқан балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының барлық ұстаздарына алғыс айтамыз.

Просмотров: 1667


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст