2023 жылдың 10 қараша күні Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық орталығының ұйымдастырылуымен аудандық кезеңде «Мен табиғатты танып білемін» атты зерттеу жұмыстар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты зерттеу қызметі арқылы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлуетін дамытуды ынталандыру болып табылады.
Байқау «Экология әрқайсымыздың ісі», «Мені қоршаған әлем-таңғажайып әлем», «Табиғатты-жүрегіңмен сезін» сурет байқауы деген үш номинацияда өтті.
Бұл байқауға бағын сынап, өз өнерін көрсетуге ауданымыздың мектептерінен көптеген оқушылары келді, оның ішінде балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері қатысты.
Қорыта келе әділ қазылардың шешімімен «Табиғатты-жүрегіңмен сезін» сурет байқауы номинациясы бойынша «Болшебные краски» үйірмесінің тәрбиеленушісі Кайроллинова Аружан, Бокк Ульяна - 1 орын, Иманкулова Меруерт - 2 орынға ие болды, жетекшілері: Житниковская Т.В. осы номинацияда «Мир глазами юнатов» үйірмесінің тәрбиеленушісі Жолдыбек Айдын 2 орынға ие болды, жетекшісі: Журсунов М.Б., «Экология әрқайсымыздың ісі» номинациясы бойынша «Мұрагер» үйірмесінің тәрбиеленушісі Амангелді Інкәр 3 орынға ие болды, жетекшісі: Мәлік Армангүл.
Барлық жеңімпаздарымызды құттықтай отыра, жаңа белестерден көріне берсін дейміз, ал 1 орын алған жеңімпаздарымызға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!!!