2023 жылдың 07 желтоқсаны күні Ақмола облысы білім басқармасы жаныныдағы «Bolashag saraiy» ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептер мен жеке меншік мектеп оқушылары арасында «Ұшқын» I қалалық театр өнер байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты өскелен ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, қабілетті дарынды шығармашылық балаларды анықтау, тарту және қолдау, оларды театр мәдениетімен таныстыру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалармен жастардың театр шығарамшылығын қолдау және дамыту болып табылады.
Байқау «Шағын қойылым», «Көркем сөз», «Әдеби музыкалық композиция» номинацияларында өтті.
Зеренді ауылының «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы», «Жас сахна» үйірмесінің тәрбиеленушілері өз өнерін сынап «Шағын қойылым» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, бас жүлдеге ие болды, жетекшісі Ажекеева Жансая Еркешовна.
Жас талантты әртістерімізді құттықтай отыра, жаңа белестерден көріне берсін деген тілектеміз!!!