Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының педагогикалық кеңесі

22.01.2024

2024 жылдың қаңтар айында Зеренді ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында "Үйірмедегі психологиялық жайлылық" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Кеңес орталықтың директірінің сөзімен басталды. Бахытбек Айдарбекұлы 2023-2024 оқу жылындағы бірінші жарты жылдық бойынша есебінен бастады, мұнда оқушар саны, ұжым жайлы, жетістектеріміз жайлы сөз қозғады. "Үйірмедегі психологиялық жайлылық" тақырыбын жан жақты ашу басталып,  Искакова Сауле Айткужиновна жалпы психологиялық, интелектуалдық, физикалық жайлылық туралы айтса, Кинжалинова Сауле Аскеровна психологиялық жайлылықты ашып түсіндірсе, Акпаева Гүлайым Кашкинбаевна интелектуалды жайлылықты, Журсунов Мейрам Бисембиевич физикалық жайлылық туралы сөз сөйледі. Капарова Айгуль Жетписовна, Кайыржанова Динара Канатовна осы жайлылықтарды пратика жүзінде өткізіп психологиялық, интектуалдық, физикалық жайлылықтарды қолданып неше түрлі ойындар өткізді. Кейіннен Жанабаева Нұргүл Сабыртаевна, Ажекеева Жансая Еркешовна өз бағдарламаларымен таныстырды. Жалпы педагогикалық кеңес өте жан-жақты, өнімді болып өтті. 

Просмотров: 1514

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст