«Мұрагер» үйірмесі атына заты сай
Ұлттық қолөнер ол ата-әжелерімізден бізге мұра болып қалған бірден –бір құнды тарихи жәдігер. Осы құнды мұраның қаймағын бұзбай келешек ұрпаққа табыстау қолөнер шеберлері біздің міндетіміз. Қазақ ұлтымыз сәндік –қолөнер түрлеріне өте бай халық. Шеберлер қолынан шыққанәр бұйым тарихымызбен ұштасып жатады. Халқымыздың тұрмыс тіршілігіне қолданып келген әр затының жасалу әдісін, қолдану мақсатын сонымен қатар тарихын оқушыларымызғаүйретіп, таныстырып отыруымыз керек. Мен жетекшілік етіп отырған «Мұрагер» қолөнер үйірмесінің тәрбиеленушілері халқымыздың көптеген өнер түрлерімен танысып, үйреніп жүр. Бұл балаларға өте қызықты. Заманауи қөлөнер түрлерін олар ғаламтор көздеріненде үйрене алады, ал ұлттық өнерімізді оларға біз анықтап-саралап үйретеміз.Оларда бұл жұмыстарға өте зер салып белсене кірісіп кетеді.Сонымен қатар әжелер –аналармен де кездесіп ақыл сұрап отырамыз. Талмай еңбек ету жолында жеткен жетістіктерімізде аз емес. Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық, мектепішілік түрлі қолөнер сайыстарына үйірменің оқушылары қатысып түрлі жүлделі орындарға ие болып марапатталып жүр.
Біз оқушыларға пайдалы ақпараттар берумен қатар әтикалық, эстетикалық талғамдарын дамытып, ұлттық өнерге деген құштарлықтарын, сүйспеншіліктерін, туған елге деген отансүйгіштік қасиеттерін дамыта отырып қолөнердің қыр-сырын меңгертумен қатар өздерінің талғамдарымен, жеке көзқарастарымен ұштастырып топпен жұмыс жасап бастаған жұмыстарын ынтамен аяқтап нәтежеге жетуді қалыптастырамыз.
Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақадыр ОМ «Мұрагер» қолөнер үйірмесі
Қосымша білім беру мұғалімі: Малик А