Текст
Біздің жетістіктеріміз
Зеренді балалар шығармашылық үйінің Садовская орта мектебінің базасында ағаш өңдеу үйірмесі үш жылдан бері жұмыс істейді. Үйірменің жетекшісі Пархоменко Геннадий Владимирович қазірдің өзінде оннан астам кәсіпқой ағаш өңдеу шеберлерін оқытып шығарды, бірақ шеберлер үшін ағаш кесу тек үйірме ғана емес, олардың басты хоббиына айналып, болашақ мамандықты таңдауына мүмкіндік жасады. Ағаш өңдеу үйірмесінің арқасында Республикалық «Ұлы даланың жеті қыры -2019» сайысында Казимир Максим жеңімпаз атанды.
Максим ағаш өңдеу үйірмесіне үш жылдан бері қатысады. Осы уақыт аралығында ол кішкентай бұйымдардан бастап үлкен панельдерге дейін әртүрлі фигуралар жасауды үйренді. Сонымен қатар, Максим аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен көрмелерге белсене қатысады.
Максим – Прагада өткен Халықаралық сәндік және қолданбалы өнер байқауының жеңімпазы, облыстық «Шеберлер қаласы» сайысының жеңімпазы және аймақтық ұлттық Дельфий ойындарының 2-орын иегері.
Болашақта сіздерге бұдан да үлкен жеңістер мен сәттілік және шығармашылық табыс тілейміз!