Тамыздың 15-і «Гүлденген мектеп бағы» атты байқауы аяқталды. Байқау мектеп үлескелерінің мағынасын және көгалдандыру сапасын көтеру мақсатында өткізілген. Байқаудың қорытындысы бойынша
бас жүлдені М. Ғабдуллин ат. ЖББО мектеп-гимназиясы ұтып алса,
І орынды - № 1 Зеренді орта мектебі,
ІІ орынды - Приречный ОМ,
ІІІ орынды -Красный кордон негізгі мектебі иеленді.
Бас жүлденің иегерлері - М. Ғабдуллин ат. ЖББО мектеп гимназиясына естелікті сыйлық және грамотамен марапатталды. Педагог Касымов Кенжеғали Науқанбайұлының басшылығымен мектеп ауласында ағаш, гүлзарлар орналасқан. Жылыжайда қиярлар да өсіріледі. Мектеп шаруашылығының меңгерушісі Тесенов Мұратбек және барлық техникалық персонал ауланы өте таза ұстайды, өсімдіктерді күнделікті аялап күтеді.
Барлық қатысушыларға үлкен рахмет және сәттілік!