«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2020жылдың тамыздың 18-20 аралығында шығармашыл дарынды балалармен жұмыс жасау облыстық оқу-әдістемелік орталығы мен Ақмола облысы білім беру басқармасы басшылығымен Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Шеберлер қаласы: ата-аналар мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты облыстық өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының онлайн байқауы өткізілді.
Бұл іс-шара балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету; қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көрсетуге мүмкіндік беру; көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу мақсаттарын көздеген болатын.
Көрмеде Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Аршалы, Біржан сал, Жарқайың, Жақсы, Зеренді, Целиноград, Шортанды, Сандықтау, Бурабай аудандары және Нұр-Сұлтан, Степногор, Көкшетау қалаларынан 11-17 жас аралығында 87 қатысушылар қатысты.
Әділ-қазылардың тиянақты жұмысының арқасында І орынды «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері»номинациясыбойыншаБалалар шығармашылық үйі «Ағашты өңдеу» үйірмесінің тәрбиеленушісі Тангатаров Максим ұтып алды, жетекшісі: Пархоменко Г.В. Ал, «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы»номинациясы бойынша ІІ орынды БШҮ «Мұрагер» үйірмесінен Ержан Дильназға бұйырды, жетекшісі: Малик Армангүл. «Матадан жасалған бұйымдар» номинациясында ІІ орынды иеленген БШҮ «Сиқырлы бояулар» үйірмесінің тәрбиеленушісі Гордеева Антонина, жетекшісі: Житниковская Т.В.
Жеңімпаздар Ақмола облысының білім басқармасының атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.
Келесі жеңімпаздар мен олардың жетекшілеріне: Ергалиева Ж. /Акпаева Г.К./, Филипова А. /Матерн А.А./, Гордеева А. /Житниковская Т:В./ көп рахмет айтамыз.
Біздің жеңімпаздарымызды, барлық қатысушыларды және жетекшілерді толағай жеңістерімен құттықтаймыз! Келешекте барлықтарына одан да зор жеңістер тілейміз!